Показать содержимое по тегу: бала
XXI ғасырды ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейін ғаламторға тәуелді. Әсіресе, тілі әлі шықпаған жас сәбилердің қолынан смартфон телефондар түспейді.
Қазіргінің әйелдері үйде баламен отыруға қиналады. Байқайсыз ба? Оларды үнемі сыртқа қарай бір күш тартып тұратындай. Неге? Неге бір тойға бару үшін баласын бөтен адамға бақтырып кетеді? Неге әйел жанын сән мен өсек жаулап алған? Денсаулық пен тәлім беруді ойламайды да. Неге бірінші орында отбасы тұрмайтын болды?
Қазақстандағы жасанды ұрықтандырудың авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова журналистерге еркектердің репродуктивті денсаулығы жайында айтып берді.
Әке-шеше үшін бала деген өте маңызды әрі қадірлі. Жүктілік дәуірі кезінде 9 ай бойы әке-шеше баласын құшағына алатын күнін сабырсыздана күтеді. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан кезде әке-шешенің қуаныштан жүрегі жарыла жаздайды. Енді, міне, сағына күткен балаларын құшақтап, оны сүю мүмкіндігіне ие болды.
Қазақтарда жас ата-ана алғашқы баласын атасы мен апасының тәрбиесіне беретіні белгілі. О заманда бұл әлеуметтік қажеттіліктен туған болса, қазіргі кезде көне дәстүрді сақтаудың тәсіліне айналды. Бірақ, баланы әке-шешесі емес, ата мен әжесі тәрбиелеген қаншалықты дұрыс?