Показать содержимое по тегу: бала
7 жасар Русалина Шарипова «Томирис» фильмі мен «Игры престолов» сериялына түсу үшін кастингтен өтіп жатыр, деп хабарлайды ktk.kz порталына сілтемемен silteme.kz AA.
Әрбір ата-ана баласының білімді, өнерлі, жан-жақты болғанын қалайды. Бала сөз түсінетін жасқа жетісімен, ата-ананың алдында «Баланы қандай үйірмеге береміз?», «Баланың қабілеті бар-жоғын қалай анықтаймыз?» деген үлкен міндет тұрады. Бір балаға Жаратқанның сыйы дарып, тума талант екендігін бірден байқатып жатса, енді біреуі бар дарыннан мақұрымдай көрінеді. Бұл жағдайда кейбір ата-ана «Ондай қабілет біздің жеті атамызда болмаған, бұл балаға қайдан беріле қойсын» деп жабулы қазанды жабық күйінде қалдыра салады.
Жұмбақ айтып табысатын, ән-жыр айтып жарысатын, асыр салып далада, тай-құлындай шабысатын, қазағымыздың балдырған ұландары ата-ананың құлықсыздығынан ұялы телефон ойынына құмартты, құмартқаны соншалық, қой десе қоймай, зар еңірей кететіні үйреншікті жағдай болып қалды.
Ағаштың түрі мен оның тіршілігі жалғасу үшін тұқымы қаншалықты маңызды болса, адамзаттың тіршілігі мен ұрпақ жалғастығында баланың рөлі маңызды. Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі ұлттық болмысы мен ұлттық рухы кемелденген, жақсы тәрбиеленген ұрпақтардың қолында. Бала тәрбиесіне, сөз жоқ, ең бірінші ата-ана жауапты. «Біздің сұхбаттың» бүгінгі қонағы «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығының жетекшісі, коуч-тренер Елжас Ертайұлы.