Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
"Негізі, бізде 100 еркектің ішінен тек екі-үшеуінің ғана ұрығы жарайды. Барлық анализдерін тексересің. Жараса, алты ай карантинге тұрады", - дейді С.Байқошқарова.
Ғалымның айтуынша, донорлық ұрық үшін төленетін ақша да көп емес. Ал жұмыстың машақаты бастан асады.
"Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы бір орталықтағы әріптестерім айтады, біз 400 донордың ішінен екі-ақ адамды таңдадық дейді. Сосын біреуінің түрі ұнамайды, біреуінің тағы бірдеңесі ұнамайды. Енді, кез келген адамды донорлыққа алмайсың ғой. Мысалы, Түркияда еркектің донорлық ұрығын тек бауырынан ғана алуға рұқсат береді. Әйелдердің мәселесі де солай. Бізде жалпы рұқсат бар. Бірақ жақын туысқандарың болмаса, бәрі анонимді түрде жүргізіледі. Кейбір мәселелер құпия сақталады. Өйткені ертең әйел барып, мына бала сенікі деп, алимент талап етуі мүмкін. Анау байғұс 10-20 мың табамын деп, өзіне тағы проблема тауып алады. Сосын моральдық жағы бар, заңдық жағы бар. Қиын мәселе. Маған күйеу мен әйелдің ортасында жұмыс істеген ұнайды. Үшінші адам қосылды ма, ол - проблема. Төртінші адам - суррогат ана қосылса, ол тіптен проблема", - деп атап көрсетті С.Байқошқарова.