Бокс бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың сіңлісі Русалина қазақ және шетелдік кинофильмдерде түсу үшін кастингке қатысып жатыр.
«FSK Promotion компанисы Русалинамен жұмысты бастап кетті. Ол бокс залына да барып, сондай-ақ актерлік шеберліктің қыр-сырларын үйреніп жатыр. Біз Русалинаны жан-жақты болуға дайындап жатырмыз. Камерамен жұмыс істеуді, фильмдерде қалай ойнауды және жақсы сөйлеуді, бастысы әпкесі секілді мықты жұдырықтасуды үйретудеміз. Қазір «Томирис» фильміне 6 жане 9 жасқа дейінгі қыздарды қабылдап жатқандықтан, біз де Русанинаның суреттерін жіберіп қойдық. Бір қуаныштысы «Игры престолов» сериалына түсуге шақырады деген үміт бар»,- дейді Сергей Завилевский.
Айта кетейік, 7 жасар Русалина Шарипова Тараздағы бокс сарайында жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Оның әпкесі Фирузаның айтуынша, сіңлісі оның жолын қайталап қана қоймай, жаңа жетістіктерге қол жеткізетініне сенімді.