Ислам діні исламдық мемлекеттердің ішкі саясатында мемлекеттік идеология ретінде үлкен рөл ойнауымен қатар, әлемдік саясатта да маңызды иеленеді. Бүгінде, демократизация және жаһандану уақытында дінге қатынас өзгере бастады. Бірқатар мемлекеттердің саяси көшбасшылары, жекелей беделді тұлғалары өзінің жеке, саяси, әлеуметтік қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында исламды тиімді саяси құрал ретінде қолданады. Исламның саясилану деңгейін қалай төмендетуге болады, барлық әлем бойынша радикалды исламдық идеялардың және джихад тәжірибесінің таралуына байланысты шиеленістерді шешуге қандай құралдар көмектеседі? Егер колониалды жүйенің пайда болуы кезінде исламның саясилануы ислам дінін ұстанатын тұрғындардың колонизацияға, империя қысымына қатысты әсері, яғни ұлт-азаттық күрестің, тәуелсіздік алудың әдісі болса, ал халықаралық қатынастар дамыған заманауи кезде мұсылмандар дінінің саясилануы мұсылмандардың демократизация мен жаһандану үрдістеріне берілген өзіндік жауабы ретінде қарастырылады. Ең қорқыныштысы, ол бүгінде ислам мұсылман елдерінде де, Батыс елдерінде де мемлекеттік саяси қару ретінде қолданылады.
Саяси ислам - ислам әлемінің әр түрлі елдеріндегі әлеуметтік топтардың ұмтылыстарын көрсететін әр түрлі қозғалыстар. Осы идеялар заманауи халықаралық қатнынастарға қайшы клемеген жағдайда, бұл қозғалыстарға өз идеясын білдіруге, бағдарламалар құрастыруға, оны тәжірибеде іске асыруға мүмкіндік беру қажет. Қазіргі таңда көптеген мұсылман елдерінде өмірлері қалыптан бұзылған, жаһандану, жылдам әлеуметтік, қоғамдық өзгерістер нәтижесінде құртылған әлеуметтік топтардың пайда болуы исламды саясмландырумен тығыз байланысты. Ислам саясилануына ислам әлемінде қалыптасқан саяси ахуал да әсерін тигізді: олар азаматтық қоғам құрылымдарын құруда, демократиялық құқытар мен бостандықтарды бекітуде артта қалды. Көп елдерде бейбітшілік кепілі ретінде адам құқытары мен бостандықтарын өзінше түсінетін әскер саналады; диктаторлық және авторитарлық режимдер мұсылман әлемінің басты саяси белгісі болып табылады. Саяси оппозицияның, паритиялардың, кәсіби кеңестердің, қоғамдық саяси ұйымдардың жоқ болуы, оны басып жаншу кезінде, азаматтық еркіндіктің аяққа тапталуы шартында - мешіт, діни-саяси және ұлттық бірлестіктер мен қозғалыстар билікке қарсы тұрудың жалғыз қолжетімді формасына айналады. Исламның саяси құралға айналуына әсер ететін жағдайға Азия мен Африка елдері құрылымындағы мұсылмандық истеблишмент жатады , яғни ол «қысым топтары» арасындағы ең мықты әрі тәуелсіз құрылым болып табылады. Ол шешім қабылдауға жауапты мемлекет басшылары мен қоғам еруге тиісті нормаларды бекітеді. Исламның саясилануы мен мұсылмандар арасындағы экстремизмнің өсуі заманауи мұсылман қоғамының алғашқы исламдық сипатын жоғалтуымен түсіндіріледі.
Діннің қазіргі таңдағы саясатты гуманизациялау бойынша әрекеттері белгілі бір нәтижелерін беріп отыр. Осы саладағы діннің мүмкіндіктерін түсіну айтарлықтай кеңінен таралып отыр. Мәселен, бұл түсінік әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ Съезінде анық көрініс тапты: «Біз діни және саяси басшыларға, қоғамдық қайраткерлерге, ғалымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына және әлемдік қауымдастыққа: шынайы дінаралық сұхбатты орнатуға байланысты дін басшылары мен діни ұйымдардың әрекеттеріне үнемі қолдау көрсетуін сұраймыз, сонымен қатар, адамзаттың өзекті мәселелерін шешуге байланысты сәйкесінше жолдарын табу және осы тұста діннің қоғамдағы жағымды рөлін мойындау; заңды ерекшеліктерді құрметтеу негізінде қоғамдық бірлікті сақтау мақсатында дінді деструктивті жолмен қолдану немесе саяси мақсаттарда діни ерекшеліктерді қолданбауға; жаһандық деңгейдегі экономикалық, қаржылық, экологиялық мәселелерді әділетті шешуде орасан зор моральдік және рухани, шынайы ынтымақтастық көрсетуге шақырамыз».
2-қатер. Қазіргі таңдағы экономика мен қаржылық жүйенің адам байлығынан алшақтату, оның экономикалық мүдделері мен құқықтарын ұмыту. Спекулятивті капиталдың шынайы экономикадан басым түсуі, әлемдік экономикалық жүйенің шексіз азғындығы."Хантингтон ХХІ ғасырдың «Өркениеттер қақтығысына ұшырауы мүмкін» екендігін айтты. Бұған меніңше «Мәдениеттер жақындастығын» қарсы қоюға болады. Ал мәдениеттер жақындастығы деген не? Оны қалай түсініп жүрміз? Мәдениеттер жақындастығы дегенде біз әншілер мен бишілердің би билесіп, ән салысқанын ғана емес, сондай-ақ дін өкілдерінің де өзара сұхбаты, тыныштық, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі, ынтымақ пен бірлік туралы ой бөлісулері, адам баласы жасаған ортақ мәдени мұралар, ежелгі ескерткіштерді ұрпақтар үшін қалай сақтай аламыз, сүнниттер мен шииттер неге алауыз, оны ымыраластыру жолдары, лаңкестік неге өршіп тұр, оны қалай тоқтатуға болады, Ауғанстандағы будда мәдени ескерткіштері мен Шам (Сирия) жұртындағы Пальмира жәдігерлерін қирату секілді бассыздық, жастар неге ДАИШ (ИГИЛ) арбауына тез түсіп қалады, дін жайлы жазатын журналистер сөз бостандығы, демократияны неге біржақты түсінеді, дін жайлы жазатындардың дін жайлы түсінігі неге төмен, оларда неге жауапкершілік естен шыға береді, жазғандарының аяғы жұртты қасіретке ұрындыратынын неге түсінбейді іспетті мәселелер қазір өзек жарды" деген ой айтады Ә. Дербісалиев.
Бүгінгі қоғам исламдағы "толеранттылық" мәнін түсіну керек. Бұл ұғымының анықтамасын қарастырғанымыз жөн. Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын деген және адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Сондықтан, толеранттылық екі жақты ұғым: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі мен төзімділдігі. Білім беру жүйесінде «Менталитет» және «толеранттылық» категориялары байланысты. Өйткені, ол адам мен социумның менталдық қасиеттерін белсенді әрі мақсатты қалыптастырады.
Қазіргі шетел сөздерінің сөздігінде толеранттылық «tolerantia» деген латын терминінен алынған ұғым, біріншіден, ағзаның кез-келген бір улы заттың қолайсыз жағдайына төзімділігі, екіншіден, басқаға қатысты шыдамдылық, жұмсақтық деп көрсетілген. «Толерант» ұғымына байланысты нақты бір анықтама беру қиындық тудырады.
"Қазақстандағы діни жағдай бойынша күрделі мәселелердің көптігі діни саладағы жаңа шындыққа бейімделу, діни жағдайды бақылауға алу қажеттілігін туындатты. Кеңестік жүйе күйрегеннен кейін халық санасында орнаған рухани вакуумды толтыру нәтижесінде діни сана жаңғыруы, дінге бет бұру байқалды. Дін мен саясат қарым-қатынасының, діни ахуалдың ерекшелігі мен даму перспективаларын зерттеп, анықтап алмайынша заманауи оқиғалар мен үдерістерді ұғыну мүмкін емес. Дін және саясат әртүрлі ұғымдар. Дінді ұстану және таңдау әр адамның жеке ісі. Дін мен саясаттың араласуы ақырында биліктің диктаторлық, тіпті тоталитарлық формасына алып келеді. Оны біз Иран, Ватикан сияқты теократиялық мемлекеттер мысалында көре аламыз. Демократиялық мемлекетте индивидуализм немесе ұжымдық таңдауына байланысты басқаларға қарағанда көбірек құқыққа ие немесе дискриминацияға ұшырауға тиіс емес. Әрине егер бұл таңдау қоғамның басқа мүшелерінің құқығына зиян келтірмесе. Сондықтан басқаларға зиян тимейтін дәрежеде әртүрлі болу бұл өркениетті елдер үшін ортақ. Дін достықты, имандылықты, ибалылықты, жақынына деген махаббатты және т.б. талап етеді, саясат билікке, атақ даңққа және т.б. ұмтылады".
Советов Темирлан
Дерек көзі: http://cipr.kz/#