Қазақстанда діни ілім алудың абзалдығы
28.08.2020, 14:50

Қазақстанда діни ілім алудың абзалдығы

Еліміз 1991 ж. тәуелсіздігін алған жылдары дін мамандарын былай қойғанда Құран Кәрім кітабы және мешіт медреселер саусақпен санарлық еді. Осынау қилы-қырлы заманда елімізге түрлі ислам мелекеттері өз көмектерін берді. Олар Араб, Катар және Түркия т.б елдер мыңдаған дана Құран Кәрім кітаптарды жеткізді. Алғашқы жылдары қазақстандық жастардың бір бөлігі теологиялық (діни) білім қуып көптеген шет мемлекеттерге оқуға кетті.

Сол жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр? Қазір шет мемлекеттерде оқудың пайдасы жайлы жиі айтылады. Бірақ арагідік болмаса, шетелге бала асырғаннан келер зиянды сөз етпеуге тырысамыз. Мәселен, жат жерде жат идеологиялық факторлар бар соларды атап өтсек. Бірінші – саяси идеология. Өзге елдерде Қазақстан саясатына ықпал еткісі келетін саяси топтар бар болуы заңды құбылыс.

Олардың сол идеологияны жастарға сіңіру арқылы мемлекетіміздің саясатына саңылау іздемесіне кім кепіл? Екіншісі – діни фанатизм идеологиясы. Елімізге сансыз миссионерлер аттандырған батыс елдері оң-солын әлі танып үлгермеген һәм өз аяғымен келген жастарымызды сәтті пайдаланып кетуі бек мүмкін. Үшіншісі – дүниелік идеология. Жасындай жарқылдаған жастарды жалт-жұлт еткен дүниемен қызықтырып, қаржымен алдарқатып, елітіп әкетпесіне кім кепіл? Қазіргі жағдайға қарап отырсаңыз, алғашқы саяси идеологияның нәтижесі көзге көрінбегенімен, қалған екеуінің зарары сезіле бастады. Мәселен, өз бетімен мұсылман елдеріне оқуға аттанған жастарымыз сол жақтан діни білім алып, еліміздің салт-санасын жоққа шығара бастады. Ең алдымен, «Жастардың шетелде ілім алулары жат идеологиялардың кемерінен асып бара жатқан жоқ па?» деген сұрақ бүгінгі қоғамда жиі қойылатыны мәлім. Алғашқы діни білімді, негізі жоқ, өзіміздің дәстүрлі мұсылман құндылықтарымызды үйренбеген, медресе табалдырығын аттап, сауат ашпаған жастар үшін  шетел асып, білім алу – қауіпті. Оның себебі – жастардың ол жақтағы іс-әрекетін, білім алу бағытын ешкім қадағаламайды. Белгісіз білім ошақтарының ата дінімізді қаншалықты оқытатыны, жалпы не үйрететіні бізге беймәлім. Сондай-ақ қазіргі таңда шекара асып діни ілім алып радикализм, экстримизм және фундаметализм бағыттағы топтардың құрбанына ұшырағанын көрудеміз.

Діни білім алғысы келгендерге шекара аспай-ақ Қазақстанда да оқуға болады. Ата-аналар мен студенттер сапалы діни білім алу үшін Қазақстанның да мүмкіндіктері жоғары екенін білулері керек. Мәселен, мешіттерде сауат ашу курстары бар. Білімін ары қарай жалғастырғысы келгендер медреселерге, университеттерге бара алады.

Тәуелсіздігімізді алғанымызға да міне отыз жыл толуда. Осыған орай экстримистік, деструктивті діни идеологияның алдын алудың бірегей жолы - еліміздегі діни білімнің деңгейін жоғарлауы. Сол себепті отандық діни оқу орындары мен дін саласындағы мамандарға қойылатын талаптарды күшейту және білімін шыңдау маңызды болып табылады.

Туған жерде оқығанға ештеңе жетпейді. Бірін­шіден, жас­тар асыл дініміз исламның қадыр-қасиеттерін бо­йларына сіңіруі керек. Сонымен қатар жастарға дін тағылым­дары үйретіледі,- деп елімізде діни білім алудың ыңғайлы артықшылықтарын айту керек. Екіншіден, еліміз бойынша Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масына қарасты «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті және 9 медресе бар. Бұл оқу орындарында да мамандар даярланып келеді.  Оқу орындарын бітіріп шыққан жас түлектер асыл дініміз исламнан нәр алып. Бүгінгі күнде мешіттерде асыраушысынан айырылған, әлеуметтік жағдай нашар отбасыларға түрлі көмек беруде. Онымен бірге қоғамға дін тағылымдарын үйрету арқылы руханиятты байытуда.

1993 жылы еліміздің қиын экономикалық жағдайына қарамастан Алматыда «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, сол уақыттағы президентіміз Н.Ә Назарбаев және Египет президентті Хосни Мүбаракпен екі жақты келісімге отыра негізі қаланды. Алғаш құрылған 2001 жылдан қазіргі кезге дейін университет елдің белді діни оқу ордасына айналып үлгерді. «Нұр-Мүбарак» университетінде білікті, тәжірбиесі мол ұстаздар дәріс береді. Сонымен қатар жирмаға жуық Египеттік араб докторлар мен профессорлар да ілімі мен тәжірбиесін бөлісіп.  Бүгінде аталған білім ошағы қазіргі күннің талаптарына жауап беретін жоғары білімді әрі білікті дінтанушы, исламтанушы, теолог, араб және ағылшын тілдерінің аудармашысы мамандарын даярлаумен айналысады. Және де бұл университетте мемлекеттік, бәлкей әлемдік дәрежеде магистрант пен докторанттық тәжірибелерін шыңдауда. Осы оқу орындарындағы барлық діни, сондай-ақ, зайырлы пәндерді оқыту бағдарламалары Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес дайындалған.

Сонымен қатар, «Нұр-Мүбәрак» университетіне қарасты Талғар және Бақанас ауданында, Шымкент және Ақтөбе қалаларында «бір жылдық дайындық курсы» дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабы бағытында діни білім беру жұмысын жасауда.

Қорыта айтқанда, шетелге шықпай өзіміздегі оқу орындарында сауат ашып, діни білімі негізін қалаған жөн. Болашағын дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған қазіргі жастарға өз Отанында кәсіби білім алудың барлық мүмкіндіктері жасалған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатынсыз, өз бетімен, бейресми оқуға кеткен жастар елімізде тыйым салынған діни ағымдар өкілдерінің тәлімін алып, бүлдіргі ағымдардың жетегінде кетіп қалатын болса, ол — қоғамға орасан қауіп төндіреді. Қоғамның қауіпсіздігін алдын алу үшін. Бүгінде мемлекет пен отандық оқу орындарының тарапынан шетелдің діни оқу орындарынан Отанға қайтып оралған қазақстандық студенттердің діни білімдерін жалғастыруын қамтамасыз ету үшін бірлескен шаралар қолға алынып отыр.

 

Аңқабай Алмас, теолог     

Дерек көзі: http://cipr.kz/zhaalytar/azastanda-dini-ilim-aludy-abzaldylyy.html

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер