Tesla мен SpaceX басшысы уақытының басым бөлігін өз компанияларын басқаруға жұмсайтыны таң қалатын жағдай емес. Масктың әбден қалжырататын 100 сағаттық жұмыс аптасын 80-90 сағатқа дейін қысқартқандығы туралы хабарланған болатын. Осындай жұмыс ырғағын ұстап тұру үшін, ол кофейнге арқа сүйеп алды. Жұмысының ең қызған шағында Маск күн сайын 8 банка диеталы кола және үлкен шынаяқпен бірнеше рет кофе ішетін. «Көзімнің нашар көре бастағанын байқап, менің кәдімгідей мазам кетті», «Бірақ енді, кеңсемде кофейнсіз диеталық кола бар» - дейді ол.
Алайда ол ұйқыдан бас тартпады. Ұйқыға бөлінген уақытты қысқарту күнделікті бітіретін жұмыс көлеміне кері әсер ететін байқады. Маск таңғы жетіде тұрып, түнгі бірлерден кейін ұйықтауды өзіне әдет етіп алды. «Мен үшін ұйқының ең жақсы уақыттары — 6, 6,5 сағат» - деген болатын 2013 жылы. «Ұйқы деген – жақсы нәрсе. Егер ұйқым қанбаған болса, менің көңіл-күйім де жабырқау болатынын байқадым».
Маск әдеттегі адамға қарағанда екі есе артық жұмыс істейді. АҚШ-та 25-54 жастағы әдеттегі қызметкерлер күніне 6,3 сағат еңбек етеді. Ал Маск күніне 12 сағат жұмыс істейді. ТІпті балалармен уақыт өткізген кездің өзінде де электронды поштамен жұмысын атқарып жатады.
Бес жұмыстың бесеуіне де кешікпеуМаск өзінің жұмыс уақыттарының басым бөлігін (90% ға жуық) Tesla мен SpaceX компаниялары арасында өткізеді. Қалған бөлігін басқа үш компанияларда — олардың бірінде Маск тең құрылтайшы, екіншісінде инвестор болса, үшіншісінде атқарушы директор қызметін орындайды. 2013 жылы Маск өзінің аса қарбалас жұмыс кестесін былай сипаттады: дүйсенбі Лос-Анджелесте-тегі SpaceX-те, сәрсенбі мен бейсенбіде Tesla-да жұмыс жасау үшін сейсенбінің түнінде Bay Area-ға ұшу, ал жұма күні SpaceX-ке қайтып оралу. Демалыс күндерді SpaceX-те және біраз уақытын Teslaда өткізеді.
Отбасына арналған уақытМасктың қанша уақытын үйде өткізетіндігі түсініксіз, алайда оның бес ұлы әр екі аптадағы төрт күнді әкелерімен өткізеді екен. Ұлдар Масктің калифорниялық фабрикаларына жиі барып тұрады, тіпті жыл сайын палаткаларын алып, демалысқа да шығып үлгереді. «Мен - әжептәуір жақсы әкемін», «Балаларыммен жетерліктей уақыт өткіземін. Қала сыртына шықанымда да өзімен бірге ертіп аламын» - дейді Маск.
ДемалысКезінде бір күнің 10 сағатын кітап оқуға арнаған Маск, қазіргі кезде де демала біледі. Видеойындар —твиттер таспасында жиі кездесетін тақырып. «Мен көлікте музыка тыңдағанды ұнатамын» дейді ол өзінің басқа да көңіл бөлетін дүниелерін еске алғанда. «Сонымен қатар фильмдер көремін, бірақ қазіргі кезде - сиректеу. Балалармен әңгіме-дүкен құрып, достармен жүздесіп тұрамын, бәрі сол әдеттегідей. Кейде твиттерде құтырып кетемін. Бірақ көбіне жұмыстың басындамын».
Жетістік формуласыИлон Масктің тәртібі мен жұмыс барысы бес негізден тұратын формулаға саяды. Оның табысқа жету сыры қиын, бәріне бірдей келе бермейді, алайда Масктің ізімен жүруге бел шешсеңіз, қалай болсада бір жерді тесіп шығасыз. Формула қарапайым — күніне 14-16 сағат жұмыс жасау. Бірақ іс жүзінде бұл қиын.
Төменде осы формулаға сай болам дегендердің алдынан шығуы мүмкін кедергілер білдірілген.
Бірінші кедергі: биологиялықТәуліктің басым бөлігін жұмысқа жұмсаудан туындаған ауру, уақыт өте экспонентті түрде өседі. Илон Масктің өзі мұны мойындайды, алайда ол сол қарқынмен еңбек етуін жалғастырып келеді. Қарапайым адам үшін бұл мүлдем мүмкін емес деуге болмайды, алайда тым қиын. Бұл жағдайда сіз тек физикалық мүмкіндіктеріңізді ғана емес, достарыңыз бен отбасыңыздан ұзақ уақытқа алыстағаннан пайда болған күйзеліспен күреске түсетін сана-сезім, эмоционалды қабілеттеріңізді тексересіз. Стартаптар әлемінде: «Сәтті стартапты іске қосқың кел ме? Жұмыс, Ұйқы, Отбасы, Спорт немесе Достар — кез келген үшеуін ғана таңда» — деген мақал бар.
Оқуға кеңес береміз: Стресс сабағы
Биологиялық тұрғыдан бұған қол жеткізуге болады. Мысалы достарыңызбен өткізген уақыттарыңызды ойлап көріңіз, олармен болғанда біршама уақыт ұйықтамай жүре аласыз, сонда да шаршамайсыз. Әрине біртіндеп шаршау да келе бастайды, алайда сіз оны жеңіл өткересіз. Мәселе бұл іске физикалық немесе ақыл-ой қуаты жұмсалмағандығында емес, мәселе бұл істің сізге ұнауында. Күніне 16 сағат жұмыс жасағыңыз келмегеннің себебі — сіз бұл жұмысты жақсы көрмейсіз.
Илон өзінің жұмысын жақсы көреді және өзінің әдістерімен қуана бөліседі:
- Кортизолды басқару тәжірибесі. Достарыңызбен болған уақытта бойыңызға серотонин таралады. Ал жұмыс уақытында организмге кортизол таралады. 16 сағаттық жұмысқа биологиялық түрде бейімделгіңіз келсе, бойға таралатын кортизолды бақылауға алу керек.
*Серотонин — қан иммунитетін қоздырушы медиатор.
*Кортизол — стресс гормоны.
- Шешім іздеу. Мұны жасау қиын, бірақ жолы бар. Қандай жағдай болмасын, оған инженерлік проблема тұрғысынан қарап, инженерлік шешімін табу қажет.
Проблеманы кез келген уақытта шешу мен соңғы уақытқа қалдыру — екеуі екі бөлек нәрсе. Екінші жағдайда күйзеліске түсуіңіз, үрейге бой алдыруыңыз мүмкін.
Әрбір тапсырманы саралап алыңыз: күйзеліспен тиімді түрде күресуді үйреніңіз. Ол үшін «әрбір тапсырманы саралап алыңыз». Қарапайым жағдайды елестетіп көріңіз: үйден әуе жайға жол тарттыңыз да, жол кептелісіне түстіңіз. Әжептеуір мазасыздана бастайсыз. Ал тапсырманы саралаған болсаңыз, барлығын есепке алып, үйден ертерек шығар едіңіз де нақты уақытында үлгерер едіңіз. Стресске де түспейсіз.
- Ашуланбаңыз, күйіп-піспеңіз: ең нәтижелі адамдар проблемаға тап болғанда ашуланбайды. Олар оны тез арада анықтап, дұрыс қорытынды шығарып, шешуге кіріседі. Олардың күйзеліске түсу деңгейі төмен қалпында қалады, олай болса, мұндай әдіс әдетке айналады.
- Басқалардың да ашулануына, күйіп-пісуіне жол бермеңіз: Командада бір адам дүрліксе, ол өзімен басқаларды да ілестіріп алып кетеді. Стресстік жағдайларда байсалды болып қалу өте маңызды. Егер футбол командасы байсалдылығын сақтай отырып, өз әрекетін жақсы үйлестіре алса, онда олар матчта аз құраммен де жеңіп кете алады. Егер бір ғана адам барлық команданы ірітсе, сөзсіз жеңіліске ұшырайды.
Үздік командалардың үздік ойыншылары байсалдылықты сақтай отырып басқалардың да байсалдылы болып қалуын қамтамассыз етеді.
Қысқасы: Таразылаңыз. Абыржымаңыз. Іске асырыңыз. Күйіп-піспеңіз.
Илон Масктың өз фирмаларында өткізетін уақыттары.
Екінші кедергі: эргономикаКүніне 16 сағат жұмыс істеген кезде қауіпсіздік пен эргономикада да, сөзсіз сәтсіздіктер болуы мүмкін. Илон осы мәселе бойынша өзінің әдістерін ашпайды, алайды олардың онда бар екендігі белгілі.
- Көбірек үзіліс жасаңыз, қажетті мөлшерде су ішіңіз, дұрыс тамақтаныңыз, қолыңызға түскеннің бәрін жей беремеңіз.
- Күніне ең болмағанда 7 сағат ұйықтаңыз (Илонның өзі де 6-6,5 сағат ұйықтайтын, алайда көбірек ұйықтағысы келеді), 15-30 минутты жаттығуға арнаңыз.- Оңтайлы әрекеттер жасаңыз. Марафондарды жарасымсыз аяқ киіммен немесе қате адыммен жүгіріп өту қиын. Алдымен соларды реттеп алыңыз, содан кейін барысын жоспарлайсыз.
Қысқасы: жақсы күйде болыңыз, демалыңыз, жаттығу жасаңыз.
Үшінші кедергі: психологиялықБұл кедергі мынаны білдіреді: өзіңізге ұнамаған жұмыс алдыңыздан шыққанда, жұмыс жасау өте қиын бола бастайды. Бұл кедергіні айналып өтудің ешқандай амалы жоқ болуы мүмкін, бірақ жүйелі тәсіл проблеманы дер кезінде шешуге көмек береді.
Илонның формуласы қарапайым: өз жұмысыңды жақсы көр. Егер жұмыс барысына көңілің толмай, проблемаларыңның ұшы-қиыры көрінбесе, демек бұл жерде бірдеңе дұрыс емес және оны өзгерту керек.
- Жұмысыңды өзіңе ұнамды ет: егер жұмыс жағымды болса, оны уақытына қарамай шексіз орындай берер едіңіз. Кез келгеніміз өзіне ұнағанын сағаттап отырып жасай береді — кино көру, сурет салу, дүкен аралау, т.с.с...
- Автоматтандыр: жұмысыңыз көңілді бола түсуі үшін, көңілге қонбаған істерді жеңілдетіп, бұл жұмысты компьютерлік бағдарламаға тапсырыңыз.
- Үйрет және өкілеттіктерді табыста: көбіне тапсырмалар жиналып қалады, алайда кейбір адамдар жекелеген міндеттерді жақсырақ шеше алады, сондықтан топта сізге қиын болған істерді өзінің мойнына алатын адам міндетті түрде табылады. Тапсырмаларды бөліп, міндеттемелермен алмасу - көңілді, әрі пайдалы.
Өзіңе өзің жауап бересің: басшың сенің жұмысыңды жасамайды. Әрине, егер қаласа жасауы да мүмкін, бірақ жеме-жемге келгенде, сен өз мәселеңді өзің шешіп, олармен өзің күресуге тиіссің.
Қысқасы: өз жұмысыңды жақсы көр және оны өзің үшін ыңғайыл етіп жаса
Төртінші кедергі: зерігуҚандай жұмыс жасап жатқаныңызға және оның сізге қаншалықты ұнауына қарамастан, тек күрделі тапсырмаларды ғана орындап жатсаңыз, ол сізді келешке бір күні жалықтырып жіберері сөзсіз.
Илон формуласы: әрдайым сигнал мен гүрілді ажырата біл.
Сигнал мен гүріл: Сигнал — негізгі мәселе. Гүріл — негізгі мәселенің жетегінде болған үнемі шешуді талап етіп тұратын басқа міндеттемелер.
Қысқасы: назарыңызды сигналға шоғырлаңыз да, гүрілді тез шешіп құтылыңыз.
Бесінші кедергі: түп-тамырына дейін талдау
Шындық мынада, адамдардың басым бөлігі нұсқаулықты тереңірек зерттемейді де қиындықтармен бетпе-бет келеді. Ал ең ақылдылар нұсқаулықтарды егжей-тегжейлі зерттеп қана қоймай, олар оны құрастырады. Дәл сол адамдар проблеманы қалай шешу керек және оның ең дұрыс шешу жолдарын анықтайды. Сондықтан олар Илон Маск сияқты бола бастайды.
Қысқасы: үнемі үйреніңіз, терең мағыналы сұрақтар қойыңыз және дұрыс шешімдер іздеуде аянбай еңбек етіңіздер.
Дерек көзі: bilim-all.kz