Төлеубек Мұқашев: «Мәслихаттар – ел басқарудағы халықтың дауысы».
14.12.2024, 16:01

Төлеубек Мұқашев: «Мәслихаттар – ел басқарудағы халықтың дауысы».

Батыс Қазақстан облысында мәслихаттардың 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев депутаттардың миссиясы мен мәслихаттардың қоғамдағы рөлін атап көрсетті.

«Біз халықтың үні болуымыз керек. Мәслихат депутаты тек шенеунік емес, ең алдымен, жергілікті тұрғындардың проблемаларын түсініп, шешуге атсалысатын жанашыр азамат болуы тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар, депутаттарға құқықтық кепілдік беру, біліктілікті арттыру және материалдық қолдау көрсету мәселелері сөз болды.

 

Мұқашев мәслихаттардың үздіксіз жаңғыруы қажет екенін ерекше атап өтті. «Қоғамдағы өзгерістерге бейімделу, азаматтардың сенімін нығайту және тиімді басқару – уақыт талабы», – деді спикер.

 

Жиын барысында бірқатар депутаттарға «Құрметті депутат» төсбелгісі, алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Сонымен бірге, жаңа жұмыс форматтары бойынша жоспарлар ұсынылды. Бұл бастамалар мәслихаттардың тиімділігін арттырып, өңірлік даму процесін жеделдетуге бағытталған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер