Показать содержимое по тегу: Мәслихат
VII шақырылымдағы Астана қалалық жастар мәслихатының депутаттығы сайлауына үмітін үкілеген көп жастың бірі ретінде «Қолғанат» қайырымдылық ұйымының жетекшісі Әмір Батыр ініміз түскелі жатыр екен. Әрине, бұл сайлау масштабы жағынан үлкен де емес шығар. Дегенмен, елордалық жастар арасында аса маңызға ие оқиға деп атауға болады.
Осы орайда, атын бәйгеге қосқан үміткердің жеке басы, арманы мен мақсаттары және сайлауалды бағдарламасы турасында аз-кем сұхбаттасқан едік. Соны назарларыңызға ұсынамыз.