Показать содержимое по тегу: мәселе
22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтетін XV Еуразиялық Медиа Форумына 60-тан астам мемлекеттен 800 адам қатысатын болды, деп хабарлайды silteme.kz.
Қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуы қазіргі таңда сәнге айналғандай. «Күйеу балалардың» ішінде кубалық, француз, неміс, араб, қытай, бельгиялық және басқалар бар. Мәселен, Оралда туған, алайда кейінгі жылдары Алматыда тұрып, жұмыс істеген Әсем Қасымова (аты-жөні өзгертіліп алынды. Н.Д.) кубалық Александр дейтін жігітпен бас қосқан. Ол болашақ күйеуімен Алматыдағы мейрамханалардың бірінде танысады. «Ол музыкант болды, – дейді Әсем әлеуметтік желідегі жазбасында – бес тілде ән орындайтын. Бір-бірімізге телефон нөмірлерімізді бердік. Алғашында дос ретінде қарым-қатынас жасап жүрдік. Бір күні маған үйленгісі келетіні жөнінде ұсыныс жасады».
Әр халықтың өзгеге ұқсамайтын өз тілі бар. Әр халық өзін тек ана тілінде ғана толық таныта алады. Тілдің түп-тамырын, құндылығын, маңыздылығын, ерекшелігін, елдің терең тарихын жан-жақты түсіну үшін қасиетті тіл ұрпақтан-ұрпаққа мұраға беріліп отыратыны бесенеден белгілі.
Күн санап өзгеріп жатқан аумалы-төкпелі заманда сана-сезіміміз бен дүниетанымымызды жаңғыртып, заман ағымына сай бейімделу басты міндетімізге айналды. Себебі Елбасымыз өзінің 2017 жылы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіріп, көш басындағы елдермен иық түйістіруге дайын болуымыз керектігін дәлелмен келтірген еді. Атап айтар болсақ, рухани жаңғырудың бастауы – ұлттық сана, тірегі – ұлттық тіл, арқауы – білім, мекені – туған жер, дербестігі – мәдениет, мақтанышы – азамат болуы керек деген жүйелі басымдықтарды сөз еткен болатын. Аталған мақалада қамтылған бастамалардың бәрі де өзекті, бәрі де мағыналы. Соның бірі 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру бастамасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әліпбиге көшу жөнінде: «Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.
Мемлекет басшысы «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.