Үкіметтік ұйымдардың шешімі бойынша 2017-жылдан бастап Финляндияның 25-тен 58-жасқа дейінгі жұмыссыз 2000 тұрғыны ай сайын 560 еуро алып отыратын болған. Ақша алушылар кездейсоқ түрде таңдалып, барлық әлеуметтік жәрдемақылардан қағылды. Бірақ жұмыс тапса да бөлінген ақшаны алуын жалғастыра береді. Егер бұл оң нәтиже берсе, биыл оған қатысушылар санын көбейтеді. Тәжірибе 2 жылға созылады.
Финляндиядағы орташа еңбекақы — 2 202 евро.
Ливорно, Италия2016-жылдың 1-маусым айынан бастап мэрдің шешімімен қаладағы ең кедей 100 отбасы ай сайын 517 евро мөлшерінде шартсыз негізді қаражат алып отыратын болған. 2017-жылдың қаңтар айында бұл жобаға тағы 100 отбасы қосылды. Мэрдің айтуынша мұндай қадам - әлеуметтік жеңілдіктерді бөлудің күрделі көп кезеңді жүйесінен шығудың амалы. Неаполь мен Рагуза да осыған ұқсас бағдарламаны енгізу үшін бұл тәжірибені бақылап отыр.
Ливорнодағы орташа еңбекақы — 1 480 евро.
Кения«GiveDirectly» коммерциялық емес ұйымының арқасында Кенияның 6 000 ауыл тұрғыны 12 жыл бойы ай сайын 22$ ақша алып отыратын болды. Жергілікті халық үшін бұл өте үлкен сомма: олардың 45 %-ы ешқашан да мұндай ақша ұстап көрмеген. Тәжірибенің көптеген қатысушылары ақшаны үйлерін жөндеуге, ауыз су, мал сатып алуға және мектептерді дамытуға бергендерін айтты.
Кения қалаларындағы орташа еңбекақы — $291.
Утрехт, Нидерланды2017-жылдың мамыр айынан бастап 2 жыл бойы Утрехта қаласының тұрғындары мемлекеттен ай сайын 960 евро көлемінде қаражат алып отыратын болған. Тәжірибеге қатысушылар төлем көлемі жұмысқа қатысты белгілі бір талаптарға байланысты болатын 6 топқа бөлінді. Мысалы, бір топтың адамдары еріктілер қатарына қосылса, қосымша 150 евро алады. Егер тәжірибе сәтті болса, бірнеше қала осы жобаны қолдауға жоспар жасап отыр.
Утрехтегі орташа еңбекақы — 2 227 евро.
Марика, БразилияМарика қаласының мэрінің шешімі бойынша үлкен қаланың 150000 тұрғыны еңбек биржасындағы мәртебелеріне қарай ай сайын 30$ көлемінде көмек алып отыратын болды. Аз қамтылған отбасылар қосымша 28$ алады. Нәтиже оң болса, төлем көтеріледі.
Марика қаласы енетін Рио-де-Жанейро штатындағы орташа еңбекақы — $642.
ҮндістанҮндістан үкіметі 2017-жылы 7 жыл бұрын керемет нәтижелер көрсеткен тәжірибелік жобаны қайтадан қолға алған болатын. Сол кезде UNICEF қолдауымен ауылдағы 6000 тұрғын 18 ай бойы бірнеше доллар көлемінде аздаған төлем алып отырған болатын. Бұл жоба сот жоқ кастаның (Үндістандағы каста) отбасыларына толық еркіндік, тәуелсіздік және болашақтағы өмірлерін өзгертуге мүмкіндік беріп, өмірлеріне қатты әсер етті. Үндістандағы бұл кастаның адамдары дүниеге келген сәттен бастап маргиналдар және құлдар деп есептелді. Олар тек ауыр жұмыстарды атқарып, ғибадатханаларға баруға және білім алуға, басқа кастаның адамдарымен сөйлесуге тиым салынған болатын.
Үндістан қалаларындағы орташа еңбекақы — $535.
Онтарио, Канада2017-жылдың мамыр айынан бастап Онтарионың 3 субъектісіндегі кірісі өте төмен 18-ден 64 жасқа дейінгі 4000 адам бірден үкіметтен ағымдағы табыстарына байланысты қалыптасқан негізді қаражатқа қол жеткізіп келеді. Мысалы, егер адам жылына 10 000$ табыс табатын болса, онда оның негізгі кірісі 11989$ болады. Сонда, ол адам жылына барлығы 21989$ алады. Ал мүгедектігі бар адамдар қосымша айына 500$ алады.
Онтариодағы орташа еңбекақы — $ 2 216.
Уганда2017-жылдан бастап коммерциялық емес«Eight» ұйымы ауылдардың бірінде 50 отбасына апта сайын 8$ төлеп келеді. Бұл тәжірибе 2 жылға созылады және шартсыз базалық кірістің шағын елді мекендердегі тіршілік сапасына әсері жайлы деректі фильмнің негізгі болады.
Уганда қалаларындағы орташа еңбекақы — $168.
Окленд, США2017-жылдың қаңтар айынан бастап 100 отбасы «Y Combinator» еншілес қорынан ай сайын 2000$-ға дейін ақша алып тұрады. Жобаға қатысушылар жұмыс істемеулеріне, ерікті болуларына, тіпті елден кетіп қалуларына болады. ұйымдастырушылар бұл тәжірибеге тағы да 900 отбасыны қоспақшы. Базалық кіріс 2021-жылдың соңына дейін төленетін болады.
Оклендте орташа еңбекақы — $3 215.
Алғашқы нәтижелер:- Көптеген адамдар ақшаны жағдайларын жақсарту үшін: үйлерін жөндеуге, білім алуға, тамақ сапасын жақсартуға жұмсаған.
- Ақшаның бір бөлігі дәрі-дәрмекке және медициналық қызметтерді төлеуге жұмсалған.
- Аз қамтылған отбасылар жаңа кіріс көзін балаларының игілігіне жұмсаған: киім және көп азық-түлік алған, мектепке және көлікке төлеген.
- Адамдар қарыздарынан құтылып, қысқа мерзімді қарыздар мен несиелерге деген сұраныс азайған.
- Осы ақша арқылы көбірек демалып, денсаулығын түзеуге мүмкіндік алған егде жастағы адамдардан басқалары жұмыс істеуден бас тартпаған.
- Тәжірибеге қатысушылардың көпшілігі жұмысқа қатыссыз тұрақты кірістің болып тұруы оларға болашақты жақсы жоспарлауға және тәуекелді, бірақ пайдалы шешімдер қабылдауға көмектесетінін мойындаған.
Дереккөз: bilim-all.kz