Показать содержимое по тегу: рейтинг
Трамп 2020-шы жылғы президент сайлауына қатысады - Ақ үй
АҚШ Президенті Дональд Трамп 2020-шы жылы өтетін президент сайлауына қатысып, тағы бір мәрте бақ сынап көрмек. Бұл туралы Ақ үй өкілі Хоган Гидлиге сілтеме жасап, Рейтерс хабарлады.
Ертең Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев субұлттық рейтингтің жеңімпазы атанған әкімді марапаттайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме жасаған silteme.kz.
Лионель Мессиге шығарылған үкімнен кейін Vestifinanc қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе салық төлемегені үшін күдікке ілінген танымал өзге де футбол ойыншыларының тізімін құрастырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Еліміздегі krysha.kz жылжыматын мүлік сату порталы Астана мен Алматыдағы ең қымбат тұрғын үйлердің рейтингісін жасады. Ең қымбат үйлердің Астанада болғанымен, элиталық виллалардың саны жағынан Алматы қаласы озық шықты, деп жазады stan.kz.
Астана орталығында орналасқан 12 бөлмелі, 10 көлік тұрағы бар саяжай ең қымбат объекті деп танылды. Мың шаршы метр болатын сарайдың құны 4,8 миллиард теңге немесе 13,5 млн доллар тұрады.
Елордалық элита үйлердің иелері терезенің витражды, еденнің піл сүйегінен және мәрмәр тастан болғанын қалайды. Ал, алматылықтар жеке сейф бөлмелер мен жерасты ванналарын, аула бассейндерін жасауға құмар. Онымен қатар жер аумағы 1 гектарға жететін жағдайлар жиі кездеседі.
Алматыдағы жылжымайтын мүлік рейтінгісінде құны 3,7 миллиард теңге тұратын 30 бөлмелі саяжай аталды. Ол қаланың Каменское плато аймағында орналасқан. Кең аумақты қамтып жатқан саяжайдың ауласында үлкен футбол алаңы да бар. Сонымен қатар 2,8 миллиард теңге тұратын «ақылды» үй де қымбат саяжайлардың бірі саналады. 7 бөлмелі стильді коттедж Майамидегі бунгалоларды еске түсіреді. Мұнда жеке кинотеатр мен қыздырылған байссейн бар.