ҚР ИДМ: Қазақстанда тасымалданған транзиттік жүк көлемі артуда
27.06.2017, 21:10

ҚР ИДМ: Қазақстанда тасымалданған транзиттік жүк көлемі артуда

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елімізде транзит, логистика және жол бойы сервисін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметі бойынша, 2016 жылы ЖІӨ құрылымындағы көлік саласының үлесі шамамен 7,8%-ды құрады, бұл кезде нақты көлем индексі 103,8%-ды құраған болатын. Жүк транзитінің басым бөлігі автокөлік пен теміржол көлігіне тиесілі.

Контейнерлік тасымалдардың көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда, сонымен қатар ҚХР – ЕО – ҚХР бағытында да ұлғайту көзделген. 2016 жылы, жалпы Қазақстан аумағында транзитпен 245 мың контейнер тасымалданды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 35,3 мың контейнерге немесе 14%-ға жоғары көрсеткіш. Биылғы жылдың 5 айында контейнерлік тасымалдар көлемі 119 мың ЖФЭ құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34%-ға жоғары көрсеткіш.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің іске қосылуы автокөлік тасымалы саласындағы көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етті. 2016 жылы 1,4 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11,6%-ға жоғары. Биылғы жылдың 5 айында бір миллионнан астам тонна жүк тасымалданды, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп көрсеткіш. Қытай (55,3%) мен Өзбекстаннан (26,2%)  ЕАЭО елдеріне тасымалданатын жүктер негізгі бағыттар болып табылады.

Биылғы жылдың соңына дейін әуе тасымалдарының әлеуетін дамыту мақсатымен 600 мың транзиттік әуе жолаушысын тасымалдау, ал 2020 жылға қарай аталған көрсеткішті жылына 1,6 млн адамға дейін жеткізу көзделген.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин ҚР аумағы арқылы Қытайдан тасымалданатын транзиттік контейнер тасымалдарын ұлғайту мәселесі туралы түсінік беріп өтті: «2020 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы жер үсті көлігімен жүргізілетін транзиттік контейнерлік тасымалдар үлесі транзиттік ағымның 80% құрайтын болады. Бұл жақсы қарқын».

Контейнерлік жүк тасымалдары мен жол бойы сервистерін дамыту туралы баяндамаларымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев пен «Қазавтожол» АҚ басқарма төрағасы  Е. Қизатов таныстырды. Өңірлердің транзиттік әлеуетін арттыру жұмыстары туралы Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының әкімдері Қ. Көшербаев пен Б. Сапарбаев баяндады.  

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер