ЭКСПО призмасында: Қазақстанның транзиттік әлеуеті зораю үстінде
29.06.2017, 23:03

ЭКСПО призмасында: Қазақстанның транзиттік әлеуеті зораю үстінде

Бүгінде Қазақстан астанасында ЭКСПО-2017 көрме шарасы өтуде. Оның аясында технологиялық тәжірибелер тұрғысынан сұхбаттасудан бөлек, сауда-саттық келісімшарттарын жасау міндеті тұр. Өз кезегінде, Қытайдың және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Еуропалық Одақпен қарқынды дамудағы сауда қатынастарының Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерінің одан әрі дамуы үшін алғышарттар құрап отырғанын атап өткен жөн. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz тілшісі хабарлайды.

"Жалпы, көлік саласының өсіміне әсер ететін негізгі драйвер ретінде біз Қазақстанның транзиттік әлеуетін, бірінші кезекте ҚХР - ЕО бағытындағы транзиттік әлеуетті дамытуда көреміз.

Көліктік ұйымдардың транзиттік тасымалдан түсетін кірістері 2016 жылы 267 млрд. теңгені, оның ішінде теміржол көлігінде 222,6 млрд. теңгені, әуе көлігінде – 44,3 млрд. теңгені және автомобиль көлігінде – 67 млн. теңгені құрады.

2020 жылға қарай Мемлекет Басшысының жолдауына сәйкес транзиттік тасымалдан түсетін кіріс 1,3 трлн. теңге (4 млрд. АҚШ долл.), оның ішінде темір жол көлігінде 1,1 трлн. теңге, әуе көлігінде 134 млрд. теңге және автомобиль көлігінде 66 млрд. теңге құрайтын болады" деп жазады тілші.

"Бұл ретте, сарапшылардың (Boston Consulting Group) бағалауына сәйкес 2020 жылы транзиттік тасымалдың өсімінен еліміздің ЖІӨ кумулятивті үлесі 5,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады.

Қазақстан транзиттік жүктерді тартуда қатаң бәсекеде бола тұра, дәстүрлі халықаралық маршруттарға (Оңтүстік және Солтүстік теңіз жолдары, Транссібір магистралі) қарсы бәсекеге қабілетті құрылықтық маршрутты құра алды.

Бүгінгі күннің өзінде Еуропаға жүктер Қытайдан Қазақстан арқылы шамамен 12-15 күнде жеткізіледі, бұл ретте Оңтүстік теңіз жолымен 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жолымен 33-35 күнде және Транссібір магистралі бойынша 18-20 күнде жеткізіледі.

Мысалы, 2016 жылы ҚХР-ЕО-ҚХР бағытында контейнерлік тасымалдардың көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе өсімді қамтамасыз етті және 105 мың ЖФБ құрады.  Небәрі 2017 жылдың 5 айында осы бағыттағы тасымалдар 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық болды (32,5 мың ЖФБ артық) және 59 мың ЖФБ құрады" деп түйіндеген тілші.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер