Бүгінгі күннің өзінде Еуропаға жүктер Қытайдан Қазақстан арқылы шамамен 12-15 күнде жеткізіледі, бұл ретте Оңтүстік теңіз жолымен 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жолымен 33-35 күнде және Транссібір магистралі бойынша 18-20 күнде жеткізіледі.
Мысалы, 2016 жылы ҚХР-ЕО-ҚХР бағытында контейнерлік тасымалдардың көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе өсімді қамтамасыз етті және 105 мың ЖФБ құрады. Небәрі 2017 жылдың 5 айында осы бағыттағы тасымалдар 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық болды (32,5 мың ЖФБ артық) және 59 мың ЖФБ құрады.
2017 жылы 5 айда ҚХР-ЕО-ҚХР бағытында контейнерлік поездардың саны 681 бірлік болды, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2 есеге көп.
Жалпы 2016 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік қатынаспен 245 мың контейнер тасымалданды, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,3 мың контейнерге көп (немесе 14%. 2015 жылы – 209,5 мың контейнер).
Транзиттік контейнерлік тасымалдардың көлемі 2017 жылғы 5 айда 119 мың ЖФЭ құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе (40 мың ЖФЭ немесе 34 %) көп. 2017 жылдың соңына дейін 320 мың ЖФБ қол жеткізуді жоспарлаймыз.
2020 жылға қарай жалпы көлем 2 млн. контейнерді құрайды.
Бұған қоса контернерлік поездарды кері жүктеу мәселесі бар. 5 айдың нәтижесі бойынша кері жүктеме шамамен 55 % (2016 жылы – 35%) құрады. Біз бұл көрсеткішті орта мерзімді перспективада 70 % жеткізуді жоспарлаудамыз. Бұл операторлардың шығынын төмендетуге, сондай-ақ Қытай мен Еуропа арасындағы экономикалық көрсеткіштерді едәуір жақсартуға және дәліздің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ фитингтік платформалар мен контейнерлердің санын ұлғайту қажет. Транзиттік тасымалдардың тиімділігін арттыру үшін 80 футтық фитингтік платформалармен (қызмет етуші қазақстандық парк көбінесе 40 және 60 футтық фитингтік платформалардан құралған) қамтамасыз ету қажет.
Осы мәселені шешу үшін лизинг, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және т.б. үшін әр түрлі қаржылық құралдар пайдаланылады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 шарасы аясында қытайлық тарапты осы бағыттағы ынтымақтастыққа тартуда белсенділік танытып, ондағы әріптестермен жан-жақты байланыс орнатып қалу мүмкіндігін жібермеген дұрыс.