Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүктердің жалпы көлемі 2016 жылы 1,4 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11,6 % (1,2 млн. тоннаға) артық.
Қазақстан арқылы АКҚ жүктерінің транзит көлемі: 2011 – 1,34 млн. тонна, 2012 – 1,50 млн тонна, 2013 – 1,56 млн. тонна, 2014 – 1,49 млн. тонна және 2015 – 1,2 млн. тонна.
Ағымдағы жылғы 5 айда транзиттік тасымалдар көлемі 1,07 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге (570 мың тоннаға) көп.
Бұл ретте, негізгі бағыттар Қытайдан (55,3%) және Өзбекстаннан (26,2%) ЕАЭҚ елдеріне тасымалданатын жүктерді айтады. Бұған қоса БЕ-БҚ транзиттік дәлізінің ашылуы әсер етті.
Транзитпен тасымалданатын негізгі тауарлар халық тұтынатын тауарлар, жабдық пен аппаратура, өсімдік тектес өнімдер болады.
Бұған қоса автокөлікпен транзиттің өсімін ұстап тұратын бірқатар факторлар бар. Бұл «санкциялық» тізбенің әсерінен түсетін қазақстандық жүктердің толығымен бірнеше мәрте кедендік тексеруден өтуіне байланысты Ресей аумағы арқылы «санкцияға түскен» тауарлардың транзитіне байланысты.
Сондықтан, біріншіден, біз ресейлік әріптестермен белсенді атқаруды жалғастыратын боламыз.
Екіншіден, біз Ақтау порты арқылы Каспийаралық баламалы маршрутты одан әрі дамытуды жүзеге асырамыз, бұл маршрутта 2016 жылы 13 мыңнан аса бірлік автокөлік өңделген, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 7 есе артық.
2017 жылдың 5 айында Ақтау портында 5,4 мың бірлік автокөлік өңделген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 491 бірлікке артық.
Сондай-ақ қосымша өсімді Құрық портының паромдық кешенінде автокөлікке қызмет көрсету үшін арналған инфрақұрылым қамтамасыз ететін болады, қуаттылығы жылына 2 млн. тоннаны құрайды. Автомобильдік құрамның құрылысы 2018 жылы аяқталатын болады.
Бұған қоса, 2020 жылға дейін ШЫҰ шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы өтетін төрт дәліздің ашылуы ҚХР қосымша жүк көлемін тартуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа ҚХР TIR халықаралық конвенциясына қосылуы, үлкен габаритті параметрлерді унификациялау автотранзиттің одан әрі дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын болады.