Показать содержимое по тегу: Павлодар
Ертіс өңірінің колледждерінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Өлгендер тізіміндегі кейуана. Павлодар облысында 69 жастағы азаматша тірілердің санатында болмағандықтан зейнетақысын ала алмай жүр. Бадиғаш Әбілдинованың айтуынша, оған бұл жайтты ауылдық поштаның қызметкерлері жеткізген. Мұның себебін анықтау үшін аудандық әкімдік пен халыққа қызмет көрсету орталығына барғанымен, ештеңе өзгермепті. Әр жаққа сандалған зейнеткер бұдан соң облыс орталығына жеткен, деп хабарлады КТК арнасына сілтеме жасай отырып stan.kz
2001 – 2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теңге инвестицияланды. Филиалдың қызмет ету уақытында 22,5 млрд.теңге сомасына 2 334 бірлік техника сатып алу, сонымен қатар 13,9 млрд. теңге сомасына 43 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Бұл туралы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Бұқарамен байланыс департаменті хабарлады.
Облыстың бас дәрігері Ораз Мұқашев қоқыс контейнерінен табылған сәбидің денсаулығы туралы Қазақпарат тілшісіне айтып берді.