Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелеріне қоғамдық мониторинг жүргізіледі
06.04.2018, 13:18

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелеріне қоғамдық мониторинг жүргізіледі

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үрдісіне қоғамдық бақылау жүргізеді, деп хабарлайды silteme.kz AA

Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға «Десента» қоғамдық қоры, «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі, «ЗУБР» консалтинг- орталығы сияқты қоғамдық ұйымдар қатысатын болады.

Қоғамдық мониторинг шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде (әлеуметтік зерттеулер, фокус-топтар, жұртшылықпен жасалған сауалнамалар) қызмет көрсету сапасы туралы ақпаратты жинау және талдау жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мониторингі - қызметтердің сапасын жүйелі жақсарту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді құралы болып табылады. Ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсетулерге жүгінетін халықтың, ең алдымен, азаматтардың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға баға береді.  

Жоба қорытындысы  бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған жедел шаралар қабылдау үшін ұсыныстар әзірленетін болады.

         «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының шеңберінде әлеуметтік жобаның тиімділігін және халықтың қызмет сапасына қанағаттану дәрежесін анықтайтын мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарланып отыр.

2018 жылы еліміз бойынша 2 066 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.  Олардың ішінде 40 жоба республикалық деңгейде,  2026 жоба өңірлік деңгейде іске асырылатын болады.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер