Показать содержимое по тегу: тәрбие
«Бесік зиян» дегенді бабаларымыз естісе шалқасынан түсетін еді. Дегенмен, бүгінгі медицина мамандарының пікіріне сүйенетіндер осыла айтып жүр. Ал шындығында баланы бесікке қымтап, матаудың зияны бар ма?
Қазіргінің әйелдері үйде баламен отыруға қиналады. Байқайсыз ба? Оларды үнемі сыртқа қарай бір күш тартып тұратындай. Неге? Неге бір тойға бару үшін баласын бөтен адамға бақтырып кетеді? Неге әйел жанын сән мен өсек жаулап алған? Денсаулық пен тәлім беруді ойламайды да. Неге бірінші орында отбасы тұрмайтын болды?
Қыз бала-болашақ жар,болашақ ана. Сондықтан әрбір ана өз денсаулығын күту керек. Ананың дені сау болса, ондай анадан он екі мүшесі сау бала да дүниеге келеді.
Әке-шеше үшін бала деген өте маңызды әрі қадірлі. Жүктілік дәуірі кезінде 9 ай бойы әке-шеше баласын құшағына алатын күнін сабырсыздана күтеді. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан кезде әке-шешенің қуаныштан жүрегі жарыла жаздайды. Енді, міне, сағына күткен балаларын құшақтап, оны сүю мүмкіндігіне ие болды.
Қазақтарда жас ата-ана алғашқы баласын атасы мен апасының тәрбиесіне беретіні белгілі. О заманда бұл әлеуметтік қажеттіліктен туған болса, қазіргі кезде көне дәстүрді сақтаудың тәсіліне айналды. Бірақ, баланы әке-шешесі емес, ата мен әжесі тәрбиелеген қаншалықты дұрыс?