Показать содержимое по тегу: Мәслихат
Қазақстанда мәслихат депутаттарының өз округтерінде ілкімді Кеңестер қалыптастыруға бағытталған пилоттық жобасы іске қосылуда. Жоба жергілікті деңгейде азаматтардың қатысуын арттыруға, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін күшейтуге және билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қызылордада мәслихат төрағалары бас қосты.
Қызылорда, 17 қазан. Бүгін Сыр өңіріне облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары аймақтың даму бағыттарымен танысып, тәжірибе алмасу мақсатында арнайы бас қосты. Бұл маңызды сапар ұлтымыздың «Қазақ» атауының қайтарылғанына және Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.
Бүгін Ақтөбе қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген міндеттемелерге сай бюджет қаржысын тиімді жоспарлау тақырыбында республикалық семинар өтті.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қаласында «Қаладан – Ауылға» ауылды дамыту пилоттық жобасының тәжірибесін зерделеу және жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді дамыту бойынша бірлескен кеңейтілген көшпелі отырысы
Күні кеше Орал қаласында мәслихаттардың 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға облыс әкімі, мәслихат төрағасы және аймақтың белсенді депутаттары қатысты. Жиында сөз сөйлеген «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев мәслихаттардың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап өтті.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.