Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми кадрларды даярлаудағы орны ерекше
26.12.2025, 06:05

Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми кадрларды даярлаудағы орны ерекше

Академик Сәтбаев – көрнекті геолог ғалым, ғылымның талантты ұйымдастырушысы, ірі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист. Ол елге зияткерлік, ғылыми даму трендін белгіледі, нәтижесінде қазақстандық қоғам ағартушылықтан ғылыми және кәсіби интеллектуалды қоғамға айналды деуге болады.

 Қаныш Сәтбаев адамдардың талантын танып, жастарды дұрыс жолға бағыттай білді. Жастарды ғылымға тартты, тәрбиеледі. Академик даярлаған ғылыми кадрлар кейін ғалым ретінде қалыптасып, Қазақстан ғылымының дамуы үшін үлестерін қосты. Мәселен, ғалым-энергетик Ш.Ш. Шөкин. 1943 жылы Шапық Шөкіұлы Сәтбаевтың талабы бойынша «Қазсельхозэлектро» трестінен КСРО Қазфан энергетика секторының меңгерушісі болып ауыстырылды. Кейіннен Шөкин қазақстандық энергетикалық ғылымның негізін қалаушысына айналды. Одан бөлек Қ. Сәтбаев академик Ә. Марғұланды ғылымға алып келді.  Әлкей Хаканұлы кейіннен ірі ғалым-археолог және қазақстандық археологиялық ғылымның негізін қалаушы болды. Сәтбаев геолог Ш.Е. Есеновтың талантын бағалап, кейіннен оны Қазақ КСР Геология министрі қызметіне тағайындауға ықпал етті.  Қаныш Сәтбаев сондай-ақ Е.А. Букетовты да ғылымға алып келіп, оны 1960 жылы Қазақ ССР ҒА химия-металлургия институтының директоры етіп тағайындады. Кейін Евней Арстанович химия ғылымында бірқатар ірі жаңалықтардың авторы және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Ол әрқашан жастар үшін қамқор тәлімгер және мейірбан ұстаз болды.

Қазіргі кезде ғылымда жүрген жастарға кезіндегі Ғылым академиясындағыдай қамқорлықты негізінен Ғылым және жоғары білім министрлігі мүмкіндігінше көрсетіп жатыр. Жыл сайын бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша орындар бөлініп, гранттар тағайындалады.  Нақты ғылым саласындағы жастарға арнайы жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері бар, оның ішінде PhD докторантура бағдарламасын аяқтап, бірақ қорғап үлгермегендер үшін «Жас ғалым» жобасы бірнеше жылдан бері іске қосылғанын айту керек. Одан бөлек жеңілдікпен немесе тегін пәтер алу мүмкіндіктері де бар т.с.с.  

Бір айта кететіні, ғылыми зерттеу ұйымдарында негізінен жобамен жұмыс жасайтын жастарға да «Жас ғалым» жобасына қатысу мүмкіндігі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Жалпы ғылымды басқаруда, ұйымдастыруда Қ.И. Сәтбаевтың жолын жалғайтын, оның ісін үлгі тұтатын қызметкерлердің көбейгені абзал деп түсінеміз.

 

Құрманалина Нұргүл

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер