Арман Сүлеймен әлем біріншілігінде 3 алтын медаль жеңіп алды
21.09.2026, 21:41

Арман Сүлеймен әлем біріншілігінде 3 алтын медаль жеңіп алды

«Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының құрметті президенті Арман Сүлеймен Қарағанды қаласында өткен пауэрлифтинг пен пауэрспорттан VI әлем біріншілігінде үш алтын медаль иеленіп, Қазақстан рекордтарын жаңартты, деп хабарлайды silteme.kz.

Жарыс 2026 жылғы 19 қыркүйекте НАП халықаралық мультиспорт федерациясының аясында өтті.

Таралған мәліметке қарағанда, осы жеңістерден кейін ол армлифтинг пен пауэрспорттан 20 дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ оның спорттық жетістіктері қатарында әлем кубогындағы 17 жеңіс, Азия чемпионатындағы 5 жеңіс бар. Арман Сүлеймен - әлем рекордын 21 рет жаңартқан спортшы.

Ұлттық спорт академиясының құрметті президенті халықаралық жарыстарға қатысумен қатар, қазақтың дәстүрлі күш мәдениетін дәріптеуге үлес қосып келеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер