Отырарлық ақсақал Мамырайхан Қалназаров әйгілі палуан Арман Сүлейменге ат мінгізді
21.03.2026, 17:03

Отырарлық ақсақал Мамырайхан Қалназаров әйгілі палуан Арман Сүлейменге ат мінгізді

20 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы орталығы Шәуілдірде көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғыртылды. Оны жергілікті азамат Абылайхан Қалназаровтың өтінішімен ақмолалық айтулы палуан Арман Сүлеймен көтерді.

Тастың салмағы 200 келіге жуық. Ол тас аудан орталығында Наурыз мейрамы кезінде көпшілік алдында рәсімі мен шартына сай көтеріліп, тұғырға орнатылды.

Аталмыш іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясының 3-күні Отырарға сапар кезінде ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫ» мәдени-танымдық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Арман Сүлейменді ауданға экспедиция жетекшісі – «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаров ертіп әкелді.

Абылайхан Қалназаров өз сөзінде:

– Ареке, бұрынғы кездері ауыл-аймаққа әйгілі балуан келсе, зиялы кісілер одан Балуан тас көтеруді өтінеді екен. Бұл рәсімді соңғы рет Отырар ауданында 15 жыл тұрған Қажымұқан атамыз жергілікті милиция бастығы Мырзахмет Сүлейменов үйінде өткен ғасырдың қырқыншы жылдары көтеріпті. Одан беріде 1952 жылы қытай тарапта Дәлелхан палуан көтерді деп естиміз. Ал қазіргі Қазақстан шекарасында кәдімгідей Балуан тас атын атай, Қажымұқаннан кейін рәсім мен шартты сақтап көтерген ешкім жоқ. Сізге осы Шәуілдірліктер атынан өтініш айтайын. Өзара сыйластығымыздың нышаны және күш-қуатыңыздың белгісі болсын! Мына тасты тұғырға орнатып беріңіз, - деп өтініш жасады.

 

Бұдан әрмен Арман палуан көрсетілген тасты көтеріп, тұғырына қондырды. Осы сәттен бастап ол тас «Балуан тас» мәртебесіне өтті.

Бір қуаныштысы, осы тамаша жиында Абылайхан Қалназаровтың әкесі Мамырайхан Қалназаров ақсақал Арман палуанға бата беріп, астына ат мінгізді.

Мамырайхан ақсақал:

– Ауылымызға күнде мұндай алып келе бермейді. Атам қазақта "Балуан келсе, құт" деген. Арман ат емес, көлік мінгізуге лайық, - деді.

 

Арман Сүлейменнің спорттық дәрежелері мен жетістіктері туралы мәлімет:

Самбо күресінен спорт шебері, Дзюдо күресінен спорт шебері (қара белдік иесі, 1 ДАН), Қазақ күресі спорт түрінен спорт шеберіне үміткер, Пауерлифтинг спорт түрінен спорт шебері. Самбо күресі Федерациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бапкері және 1 категориялы төрешісі Дзюдо күресінен бапкер және төреші Дзюдо күресінен аттестациялық комиссиясының эксперті Дзюдо күресінің Халықаралық дәрежедегі инструкторы Масреслинг бойынша Ұлттық санаттағы жаттықтырушы, Ұлттық санттағы төреші. Ұлттық күш атасын танымас спорт түрлерінің және бабалардың күш мәдениет жолын дәріптеушісі және жалғастырушысы Тамешивари спорт түрінің рекордсмены бір соққымен 10 кірпіш сындырған Дзюдо мен Самбо күрес түрлерінен бірнеше қалалық, республикалық және де халықаралық турнирларының жеңімпазы Пауэрлифтинг, Армлифтинг пен Пауэрспорт түрлерінің

- 17 дүркін Әлем чемпионы,

- 17 дүркін әлем кубок чемпионы,

- 5 дүркін Азия чемпионы,

- 18 дүркін әлем рекордшысы.

Айта кетейік, қазақ даласында, дәлірек айтқанда, оңтүстік өлкеде Қажымұқаннан кейін дәл осындай жойқын тас көтерген кісілер болмады. Осылайша, араға сексен жылдан аса (86 жыл) уақыт салып, ұмыт бола бастаған рәсім 2026 жылдың 20 наурызында Қажымұқаннан кейінгі тоқтаған жері – Шәуілдірде қайта жаңғырды. Яғни бұл істің символдық та мәні зор.

Бұл орайда Қажымұқанның көтерген тасының салмағы куәгерлердің сөзіне қарағанда формасы жағынан сандық тәріздес және салмағы 30-40 пұт шамасы болған. Өкінішке қарай ол тас 1969 жылғы аудан аумағында болған су тасқыны кезінде басқа да балуантастармен бірге жоғалған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер