«Паромдық терминал биылғы наурыз айынан операциялық қызметін бастады. Бүгінгі күнге 120 цистернаға жуық (10 мың тонна) мұнай өнімдері тиеп-түсірілді. Жылдың соңына дейін осы терминал арқылы 500 мың тоннадан астам жүкті тиеп-түсіру жоспарланып отыр», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, биылғы жылы автокөлікке арналған паромдық кешені құрылысының екінші кезеңі басталды. «Осы мақсаттарға 2017 жылғы бюджеттен 50 млрд. теңге қарастырылған. Осы жобаны жүзеге асыру болашақ жүк ағынын толықтай тиеп-түсіруге және Ақтау портының паромдық терминалын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2020 жылға дейін теңіз порттарының қуаттылығын 26 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр», - деді министр.
Жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығының оң серпіні байқалады. Бүгінгі күнге сауда флотында 11 кеме бар, оның ішінде 8 танкер және 3 құрғақ жүк кемесі бар. Төртінші құрғақ жүк кемесін осы жылдың ортасына қарай әкелу жоспарлануда.
Отандық танкерлер Түрікменбашы – Баку, Махачкала – Баку бағыттарында жүк тасымалдауды бастады. Оларға тасымалданған жүк көлемі 2016 жылы тиісінше 1 млн. және 160 мың тонна болды.