Жеңіс Қасымбек Иран, Түркия және Словакия елдерінің павильондарын тұсауын кесіп, ашылуына атсалысты
21.06.2017, 13:15

Жеңіс Қасымбек Иран, Түркия және Словакия елдерінің павильондарын тұсауын кесіп, ашылуына атсалысты

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Иран, Түркия және Словакия елдерінің павильондарын тұсауын кесіп, ашылуына атсалысты.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Түркия павильонының ресми түрде ашылуына қатысып, сөз сөйледі.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен серіктестік, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынас ұзақ жылдарды қамтиды. Бауырлас түрік халқы еліміздің тәуелсіздігін қабыл алған ең алғашқы мемлекет екенін біз ешқашан да ұмытпаймыз. Екі ел қатынастары жоғары қарқынмен нығайып келеді. Осы жылдар барысында Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылды. 2016 жылғы тауар айналымы көрсеткіші 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 1 800 кәсіпорын сәтті жұмыс істеуде. Олар қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, медицина салаларын қамтып отыр. Біздің елдер қатынасының басты кілті транзит және көлік дәлізін кеңейту, сондай-ақ логистика мен индустриялық инфрақұрылымды дамыту болып табылады», - деді  министр Жеңіс Қасымбек.

 

 

ЭКСПО-2017» тақырыбы аса өзекті. Соңғы он жылдықта бүкіл әлемдік қоғамдастық алдында қоршаған ортаның ластануы, энергетикалық ресурстардың азаюы сияқты өткір мәселелер тұр. Әлемде энергетика, энергияны үнемдеу және энергияны қайта жаңарту салаларына инвестицияны арттыру тренді қалыптасуда. Бұл өз кезегінде болашақ энергиясына негізделген. Осы мазмұнда Түркия тарапының тәжірибесі бізге өте маңызды», - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.


Өз кезегінде Түркия Республикасының Экономика министрінің орынбасары, Түркия ұлттық секциясының комиссары Тарык Сонмез ЭКСПО көрмелері халықтар арасындағы татулыққа, достыққа, бейбітшілікке шақыратын үлкен іс-шара екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Түркия 19 ғасырдан бастап бүгінге дейін ұйымдастырылып келе жатқан ЭКСПО көрмелерінің 34-іне қатысқан.


Министр Жеңіс Қасымбек сол күні Иран павильонының ашылу салтанатына қатысты. 

 

 


Иран – Қазақстанның Таяу Шығыстағы стратегиялық маңызы бар ірі серіктестерінің бірі. Иран ислам республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимыл нығайып келеді. Қазірдің өзінде елімізде Иран кәсіпкерлерімен бірлескен 200-ге жуық кәсіпорын сәтті жұмыс істеп жатыр. Екі елдің қолға алған жобалары: ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, химия өнеркәсібі саласы, энергетика, тау-кен металлургиялық кешені және құрылыс сияқты экономиканың басым салалары.

 

 

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің алғашқы күнінде ашылуына қатысқан кезекті нысан Словакия ЭКСПО-2017 көрмесінде жаңа технологиялар, түрі стартап жобалар ұсынып, көрермендерді қызықтыратындай тың дүниелер әкелген екен.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер