Показать содержимое по тегу: ИДМ 17
Бүгінде Қазақстан астанасында ЭКСПО-2017 көрме шарасы өтуде. Оның аясында технологиялық тәжірибелер тұрғысынан сұхбаттасудан бөлек, сауда-саттық келісімшарттарын жасау міндеті тұр. Өз кезегінде, Қытайдың және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Еуропалық Одақпен қарқынды дамудағы сауда қатынастарының Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерінің одан әрі дамуы үшін алғышарттар құрап отырғанын атап өткен жөн. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz тілшісі хабарлайды.
Қытай елі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің негізгі серіктестерінің бірі. ҚХР көрмеге қатысуға бірінші болып ниет білдірген елдердің бірі де осы - ҚХР болатын. Сонымен қатар, көрмеге Аспанасты елінен туристерді жұмылдыруға да өзіндік сүбелі үлесін қосуда. Бұл қызығушылық стратегиялық көршілестіктен бөлек, Қытай өнімдерін Еуропа нарығына шығарудағы әріптестік әлеуетінің молдығымен де түсіндірілсе, артық болмайды. Қалай десе де, Қазақстан Қытай үшін транзиттік жүктерді тартуда қатаң бәсекеде бола тұра, дәстүрлі халықаралық маршруттарға (Оңтүстік және Солтүстік теңіз жолдары, Транссібір магистралі) қарсы бәсекеге қабілетті құрылықтық маршрутты құра алды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz хабарлайды.
ЭКСПО көрмесін өткізудегі міндеттер қандай еді? Әрине, технологиялық және экономикалық көп міндеттің бірі - еліміздің батыс пен шығысты жалғаудағы географиялық мүмкіншіліктерін, оның ішінде транзиттік тасымал мүмкіншілігін паш ету. Ал бұл тұрғыдағы әлеуетіміз қандай? Біз қызығушылық білдіруші тараптарға қандай табыс динамикасы мен қызмет мәзірін ұсына аламыз? Өз кезегінде, осы сауалдарға жауап іздеп ҚР ИДМ өкілдеріне хабарласқан едік. Silteme.kz тілшісі соны назарларыңызға ұсынады.
Тек осы айда ғана Астана халықаралық әуежайы арқылы өткен жылмен салыстырғанда шетелдіктер үш есе көп келіпті. Әрине, оның ішінде ЭКСПО көрмесіне келушілердің қарасанының көптігі айтпаса да түсінікті. Бұл туралы Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында "Астана ЭКСПО — 2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеп үлгерді. Хош. Жағымды жаңалық десек те, жалпы картинаны түсіну үшін біз ҚР ИДМ баспасөз қызметі өкілдеріне хабарласқан едік. Сонымен, жалпы, әуе көлігі саласындағы жағдай қандай? Соны назарларыңызға ұсынамыз.
ЭКСПО-2017 көрмесі елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Яғни, бүкіл әлем назарын біздің тарапқа бұру арқылы салым салуға болатын бағыттарды әйгілейді. Бұл орайда, көлік саласын айрықша атаған жөн. Өз кезегінде, транзиттік әлеуетті дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін көлік саласына едәуір инвестиция салынуда. Яғни, еліміз аталған тарап бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Бұл да болса ЭКСПО аясында елге келуші инвесторларға оңтайлы ұсыныстар беруге мүмкіндік бермек. Өйткені, тәуекелі аз, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz тілшісі.