2010 жылы көлік саласына 6,5 трлн. теңге инвестицияланған, оның ішінде көлік инфрақұрылымын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2,2 трлн. теңгеге қаржы бөлінген, бұл көлік саласының инфрақұрылымын едәуір жаңартуға мүмкіндік берді.
Жалпы соңғы 5 жылда темір жол желісінің пайдаланатын ұзақтығы (14,4 мың км) 1 854 км артқан.
«Арқалық - Шұбаркөл» және «Жезқазған - Бейнеу» темір жолдары пайдалануға берілді, бұл өз кезегінде Қазақстанның шығысынан батысына, одан әрі «Өзен - Болашақ» темір жол желісі арқылы Парсы шығанағының елдеріне тікелей «шығуды» қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Боржақты - Ерсай» темір жол желісі пайдалануға берілді және «Алматы – Шу» учаскесінің құрылысы (1 фазасы) аяқталды (2017 жылы жобаның 2 фазасының – учаскенің 52 км құрылысын іске асыру басталды).
Автожол саласында соңғы 5 жылда 4,2 мың км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынды және реконструкцияланды, оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1,3 мың км.
Ақпарат үшін: Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін, Астана – Қостанай – Челябі, Астана – Петропавл, Павлодар – Омбы, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Бейнеу – Шетпе учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатта 1,2 трлн. теңге қаражат бөлінген.
2017 жылы жұмыстар 4,4 мың км жолда жүргізілетін болады және жыл соңына дейін 600 км аса жол пайдалануға енгізілетін болады.
Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде Құрық кентіндегі паромдық кешеннің темір жол құрауышының құрылысы аяқталды (осы жылы Құрық кентіндегі паромдық кешеннің автомобиль құрауышының құрылысы басталды). Қытаймен шекарада «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА» Құрғақ порттың инфрақұрылымын қалыптастыру толық аяқталды.
ҚР қызмет ететін 18 әуежайдың 15-інде ҰҚЖ және 11 жолаушылар терминалы реконструкцияланды.
Осылайша 2016 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан Дүниежүзілік Банкінің «Логистиканың тиімділік индексі» рейтингіндегі «Инфрақұрылым сапасы» бойынша позицияны 106 орыннан 65 орынға (+41) жақсартты.
2016 жылы Қазақстан жалпы рейтингтетегі позициясын 2014 жылмен салыстырғанда 11 орынға жақсартты (88 орыннан 77 орынға).
Ақпарат ретінде: соңғы екі жылда Қазақстанның инфрақұрылымның сапасы (41 позицияға), кеденнің тиіміділігі (35 позицияға), халықаралық тасымалдарды ұйымдастырудың қарапайымдылығы (18 позицияға) және жүктерді қадағалау мүмкінідігі (10 позицияға) бойынша позициялары жақсарған.
Қалған екі көрсеткіштің «логистикадағы құзыреттілік» (32 позициядан 83 позицияға) және «Жеткізу мерзімін қадағалау» (69 позициядан 92 позицияға) төмендегені байқалады.
Жалпы көлік-логистика саласын дамыту, оның ішінде жобалық басқару шеңберінде іске асырылып жатқан шаралар Дүниежүзілік Банктің «Логистиканың тиімділік индексі» рейтінгісінде 40 орынға қол жеткізуге және 2020 жылға дейін 2 млн. контейнерлер транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.