ЭКСПО призмасында: Соңғы 7 жылда әуе көлігіндегі транзиттік жолаушылар ағыны 20 еседен астамға өсті
29.06.2017, 22:40

ЭКСПО призмасында: Соңғы 7 жылда әуе көлігіндегі транзиттік жолаушылар ағыны 20 еседен астамға өсті

Тек осы айда ғана Астана халықаралық әуежайы арқылы өткен жылмен салыстырғанда шетелдіктер үш есе көп келіпті. Әрине, оның ішінде ЭКСПО көрмесіне  келушілердің қарасанының көптігі айтпаса да түсінікті.  Бұл туралы Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында "Астана ЭКСПО — 2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеп үлгерді. Хош. Жағымды жаңалық десек те, жалпы картинаны түсіну үшін біз ҚР ИДМ баспасөз қызметі өкілдеріне хабарласқан едік. Сонымен, жалпы, әуе көлігі саласындағы жағдай қандай? Соны назарларыңызға ұсынамыз. 

"Соңғы 7 жылда әуе көлігіндегі транзиттік жолаушылар ағыны 20 еседен астамға өсті. 2010 жылғы 20 мың адамнан өткен жылы 478 мың адамға дейін жетті. Қазақстан арқылы транзитпен өтетін негізгі жолаушылар ағыны келесі бағыттар бойынша байқалады: Қытайдан Еуропа, Ресей және Түркияға, Еуропа мен Үндістан, ОША арасында, Украина мен Өзбекстан арасында, Қырғызстан мен Оңтүстік Корея арасында.

Қазақстан арқылы авиатранзит тартымдылығын арттыру үшін Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы шеңберінде 2017 жылдың аяғына дейін 600 мың және 2020 жылға қарай транзиттік әуе жолаушылар санын 1,6 млн. адамға дейін ұлғайту көзделеді.

Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жобалық басқару шеңберінде пилоттық режимде ЭКСПО-2017 өткізу кезінде қазақстандық авиакомпаниялармен Астана және Алматының әуежайлары арқылы транзитпен өтетін ҚХР азаматтарына 72 сағаттық визасыз режим енгізілген. Біздің елімізге ұшып келуді арттыруда маңызды рөлді ЭЫДҰ, ЕО, БАӘ, Малайзия, Сингапур Республикасы және Монако Корольдігінің азаматтары (барлығы 64 (45 жаңа+19бұрынғы) үшін визасыз режимді енгізу әсер ететін болады" - деп хабарлайды ведомства өкілдері.

"Сонымен қатар қызмет көрсетілген транзиттік ұшулардың өсімі байқалады. 2017 жылдың 5 айында ұшулар саны 48,5 мыңды құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9 % артық.

Жүк авиатранзитіне қатысты қажетті көлемдегі авиа жанар-жағармайымен қамтамасыз ету мәселесі маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта отандық авиа жанар-жағармайының МӨӨ өндіретін көлем азаматтық авиацияның 30 % құрайды (2017 жылы өңдеу 241 мың тоннаны құрайды, болжамды қажеттілік – 800 мың тонна). Желкіліксіз көлем авиа жанар-жағармайды Ресей Федерациясынан көлік шығындарына орай жоғары құнмен (авиа жанар-жағармайының өзіндік құндағы нақты құнының үлесі шамамен 30-35 % құрайды) импорттау арқылы өтеледі" дейді олар.

 

 

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер