Показать содержимое по тегу: Абылайхан Қалназар
Қазіргі алмағайып заманда елдің бірлігі, тұтасығы басты орында. El.kz тілшісі осы бағытта мәдениеттанушы-философ Абылайхан Қалназаровпен сұхбаттасқан еді.
«Сұрапыл» сөзінің шығу тегі қазақтың түркі-исламдық діни-мифологиялық танымына барып тіреледі десек, не дер едіңіз?
1). «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында жарыққа шыққан «Мың сұрақ» кітабында аталған лепестің шығу төркіні кеңінен баяндалған. Онда ол Адам ата мен Хауа ана пейіштен қуылып жерге түскен соң, Жебірейіл періштенің екеуіне үш уыс дән алып келуі баянымен байланыстырылған.
Шахмат ойынының басты фигурасы (тасы) «ферзьді» білмейтін адам жоқ шығар. Әсіресе, кәнігі ойыншылар оның жүрістік мүмкіндіктерін жақсы білсе керек. Ең мықты тас ретінде ол тақтада вертикаль, горизонталь немесе диагональ бойымен еркін қозғала алады және де ладья мен пілдің жүрістеріне бірдей ие. Материалдық құндылығы бойынша бір өзі шамамен тоғыз немесе он пешкіге тең. Орталық торшалардың бірінде тұрып бір мезгілде 27 торды, тақтаның шетінде тұрып 21 торға шабуыл жасауға қабілеттілігі ше?!
Енді осы тас атауының уәждемесі Ислам өркениетімен тікелей байланысты десек, не дер едіңіз?!
Иә, иә, қазақтың түркі-исламдық таным жүйесінде ондай да кейіпкер бар. Кейіпкер болғанда да қазақ тілінде бірнеше елеулі сөздер мен олардан туындаған қаншама ұғымдар шоғырына негіз болған мифологиялық сипаты басым кейіпкер!
Жалпы, «орман-тоғайдан ағаш тасып, Нұх пайғамбарға кеме жасауға көмектескен» деп әңгімеленетін алапат күш иесі – «Құж» (Ажығұнық) деген дөй алып туралы естуіңіз бар ма? Естіп білмесеңіз жолыңыз болды, біз сізге ол туралы кеңінен ақпарат беретін боламыз.