Қазақстан заңнамасын бұзған 8 мыңға жуық шетелдік елден қуылды
09.10.2016, 18:22

Қазақстан заңнамасын бұзған 8 мыңға жуық шетелдік елден қуылды

 Ағымдағы жылы Қазақстанда 1 миллионнан астам шетел азаматы уақытша тіркелді, деп хабарлайды inform.kz.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті жауап берді.

«2016 жылдың 8 айында ішкі істер органдарында  1 059 239 шетел азаматы уақытша тіркелді. Заңсыз мигранттардың жолын кесу мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Мигрант»,«Заңсыз көші-қон» және «Учаске» жедел алдын алу шаралары өткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 75 185 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7923 шетел азаматы елден шығарылды», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Атап айтқанда, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 787 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 60-сы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы қыркүйектің соңында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтар көбінесе қай елдің азаматтарын жұмысқа тартатынын айтып берген еді.

«2013 жылы бізде тиісті заңнама қабылданып, оған сәйкес көршілес елдерден Қазақстанға жұмысқа келетін азаматтар 2 АЕК көлемінде патент төлеуі тиіс, яғни оның сомасы 4200 теңге. Тек содан кейін ғана олар ресми түрде жұмысқа жұмылдырылады. Атап айтқанда, оларды заңды тұлғалар емес, жеке адамдар тартады», - деді Б. Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы жеке адамдар жұмысқа 75 мың адамды тартса, былтыр бұл көрсеткіш 145 мың адамға жетті.

«ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, жұмысқа келген шетелдіктердің ішінде 93 пайызы Өзбекстан азаматтары. Яғни бұл адамдар еңбек мигранттары ретінде Қазақстанда ресми түрде жұмыс істеуде», - деп түйді Б. Нұрымбетов.

 Автор: Руслан Ғаббасов

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер