Показать содержимое по тегу: Төлеубек Мұқашев
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы аясында конституциялық реформалардың стратегиялық маңызы талқыланды.
Қазақстанда мәслихат депутаттарының өз округтерінде ілкімді Кеңестер қалыптастыруға бағытталған пилоттық жобасы іске қосылуда. Жоба жергілікті деңгейде азаматтардың қатысуын арттыруға, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін күшейтуге және билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлемдік тарихтың заңдылығы айқын. Табысты мемлекеттердің барлығы халық пен биліктің арасында орныққан сенім көпірі, оның ішінде адам сапасы арқылы биікке көтерілген. Бүгінгі Қазақстан да дәл осындай тарихи таңдаудың алдында тұр. Бізде табиғи байлық бар, әлеует мол, геосаяси мүмкіндіктер зор. Бірақ бір ғана сұрақ жанды мазалайды: Неге осы мүмкіндіктер толық іске аспай жатыр?
Сенатта жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерін құру жөніндегі пилоттық жобалар талқыланды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделі күн тәртібінде...
3 желтоқсанда Астанада БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен «Өңірлік дамудың басым бағыттарын талқылау: басымдықтар, мүмкіндіктер, шешімдер» атты стратегиялық сессия өтті. Іс-шараға Сенат депутаттары, Ұлттық экономика министрлігі, облыстық әкімдіктер, мәслихаттар мен азаматтық қоғам өкілдері, соның ішінде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ қатысты. Іс-шара барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі мен аумақтық саясатты іске асырудағы орны негізгі талқылау нысаны болды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.