Показать содержимое по тегу: БҰҰ
3 желтоқсанда Астанада БҰҰ Даму бағдарламасы мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен «Өңірлік дамудың басым бағыттарын талқылау: басымдықтар, мүмкіндіктер, шешімдер» атты стратегиялық сессия өтті. Іс-шараға Сенат депутаттары, Ұлттық экономика министрлігі, облыстық әкімдіктер, мәслихаттар мен азаматтық қоғам өкілдері, соның ішінде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ қатысты. Іс-шара барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі мен аумақтық саясатты іске асырудағы орны негізгі талқылау нысаны болды.
Нью-Йорктағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұсаукесері өтті
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын бастаған қазақстандық делегация БҰҰ штаб-пәтерінде (Нью-Йорк қаласы) ұйымдастырылған ағымдағы жылғы қазанда Астана қаласында өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне арналған «Қауіпсіз әлем үшін діндер лидерлері» тақырыбындағы Аррии формуласы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Қазақстанға ресми сапармен БҰҰ-ның Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас хатшысы (UNWTO) Зураб Пололикашвили келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы туралы «Қазақстанның әлемдік биіктігі» атты деректі фильм жарыққа шықты. Бұл туралы ҚР Президентінің Телерадиокешенінің желідегі парақшасынан мәлім болды.
2018 жылғы 30-31 қаңтар күндері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің VII Жастар Форумына қатысты. Бұл туралы silteme.kz хабарлайды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.