Спортшыларымыздың кейбірі медальдарынан айырылып жатса, енді бір спортшымызға жеңіс кештетіп жетіпті.
2012 жылғы Олимпиадада Нұрмұхамбетова 69 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды. Бүгін ХОК 3-ші және 4-ші орын алған екі белоруссиялық штангашы – Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновец допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты шеттетті. Осылайша қола медаль қазақстандық спортшыға бұйырды.
Осыған дейін қарсыластарының допинг пайдаланғаны үшін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың қола медаліне ие болды.