Наурыз айының басында мексикалық боксшының допинг сынамасынан кленбутерол табылды. Бұл препарат адамға бұлшықет көлемін өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың салмақ қосуы үшін де пайдаланылады екен. "Канело" қалай ақталды? Ол бұл препарат қанына ет арқылы түскенін айтты. Боксшы, болмаса оның дәрігер мамандары (диетолог) еттің зақымдалғанын білмеген. Бүгін өткен NSAC отырысына "Канело" мен оның командасы қатысқан жоқ.
Тек адвокаты ғана қатысып, қорғап бақты. Нәтижесінде 6 ай ішінде жекпе-жек өткізбейді. Айып уақыты 17 ақпаннан бастап есептеледі. Сонда Саульдың 17 тамыздан кейін жекпе-жек өткізуіне құқығы бар. Сондай-ақ Атлетикалық комиссия боксшыға айыппұл салған жоқ. Айта кетейік, бірер сағат бұрын Геннадий Головкин 5 мамыр күні америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатын белгілі болған еді.