Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының командалары қатысты.
ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгу мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С.Жасұзаков аталған білім сайысына тікелей жетекшілік еткен. Олимпиаданың басты мақсаты – әскери оқу орындарында офицерлік құрамның сапалы дайындығына жіті көңіл бөлу, әскери мамандарды сапалы дайындау, кәсіби деңгейде ынталандыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби деңгейін көтеру, дәріс берудің әдістемесін жетілдіру және де жоғары әскери оқу орындары арасында сапалы бәскелестік құру.
Сонымен қатар, олимпиада аясында халықаралық ғылыми –тәжірбиелік конференция өткізілді. Конференция жұмысына ТМД қатысушы елдерінің әйгілі ғалымдары мен оқытушылары, әскери ЖОО-ның курсанттар командаларының жетекшілері қатысты. Конференция барысында әскери білім және ғылымның жай-күйі, ТМД мемлекеттердің әскери ЖОО-да жаратылыстану, ғылыми және инженерлік пәндерді оқыту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттардың ғылыми қызмет саласында орын алған өзекті мәселелер қарастырылды.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары екінші жыл қатарынан 2 орынды иеленіп отыр. Бұған қоса, ТМД мемлекеттерінің жоғары әскери білім беру оқу орындары арасында ағылшын тілінен ІV халықаралық олимпиадасында біздің курсанттар 3 орынға қол жеткізген болатын. Бұл институт қабырғасында еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби шеберліктерінің айқын дәлелі, - деп атап өтті әскери оқу орнының басшысы полковник Асқар Мұстабеков.
ТМД мемлекеттерінен жиналған курсанттар 3 кезеңнен тұратын математикалық сайыста бақтарын сынады. Абсалюттік командалық біріншілікте 1 орынды Ресей Федерациясы иеленді, 2 орында Қазақстандық команда, ал 3 орын Өзбекстан командасына бұйырды.