«WBC қазір ғана VADA-дан Генадий Головкиннің 2 сәуірдегі және Сауль Альварестің 3 сәуірдегі допинг-сынамасының нәтижесін алды. Екеуінің де нәтижесі – жақсы» деп жазды Маурисио Сулейман өзінің twitter парақшасында.
Бүгін «Канелоның» шашынан 29 наурызда алынған сынама нәтижесі де дайын болды. Сынама нәтижесі «Канелоның» ағзасында кленбутерол мен басқа да тыйым салынған заттардың жоқ екенін көрсетті.