Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға кемінде үш рет баруы қажет еді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, енді қайта өлшеу кезінде анықталған алаңның өзгерісі және жылжымайтын мүлік нысанын қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерісі деген екі факті негізге алынады.
Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.б. нәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық төлқұжатты және құқық белгілейтін құжатты (сату-сатып алу шарты, жекешелендіру, сыйға беру және т.б.) алады.
Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну керек, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады.
Бірақ, М. Құмарғалиевтің айтуынша, енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де ресімдейді. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.
Айта кету керек, құжаттар топтамасын жинақтау қызметін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ақылы негізде жүзеге асырады.