Ұлттық компанияның ақпараты бойынша Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмеге кіру үшін үш билет сатып алған кезде бір тегін билетке ие болады. Демалыс күндері балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер көрмеге тегін кіре алатын болады. 12 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде үлкендермен бірге кіреді, осы ретте баланың жасын растайтын құжатты бірге алып жүру керек. Бұдан бөлек, компания сағат 18.30-дан бастап қолданылатын «Кешкі» атты билет түрінің енгізілетінін хабарлайды. Оның құны жұмыс күндері – 2 мың теңге және демалыс күндері – 3 мың теңге. «Кешкі» билеті сондай-ақ азаматтардың жеңілдік берілетін санаттары үшін де қолданылады, оларға билет жеңілдікті құнынан екі есе арзан болады, яғни жұмыс күндері – 1 мың теңге болса, демалыс күндері – 1,5 мың теңге. Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне абонементтер сатылымы да ашылған болатын. Абонемент құны стандартты категориялар үшін – 50 000 теңге және жеңілдікті категориялар үшін – 25 000 теңге. «Абонементті ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет кассаларынан және көрмеге кіреберіс жерлерден сатып алуға болады. Барлық абонементтер атаулы болып табылады, сондықтан, абонементті сатып алу кезінде, сондай-ақ көрме аумағына кіру кезінде өзімен бірге жеке куәлікті алып жүру қажет», - деп ескертті компанияда.
Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы арзан билеттерді сатылымға шығарды. Аталған билеттермен кешкі сағат 18:30-дан бастап кіруге болады. Ал арнайы абонементті сатып алса, ЭКСПО аяқталғанша көрме аймағына кіріп-шығуға мүмкіндік бар.
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер ЭКСПО көрмесіне тегін кіре алатын болады
Астана күні қарсаңында 1-10 шілде аралығында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ көрмеге билеттің жаңа түрін енгізеді, деп хабарлайды strategy2050.kz порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz.