ЭКСПО импульсі: Астана әуежайының коды өзгеруі мүмкін бе?
22.06.2017, 00:33

ЭКСПО импульсі: Астана әуежайының коды өзгеруі мүмкін бе?

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) КСРО дәуірінен бері ауыспай келе жатқан Астана және Қазақстанның өзге де қалаларындағы әуежайлар кодын өзгерту жөнінде келіссөздерді бастады. Бұл туралы Elorda.info сайтына Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде Астана әуежайына бекітілген TSE кодын жаңа белгіге ауыстыру жөнінде көптеген ұсыныстар айтылып жатыр. Түрлі нұсқалар бар, мысалы- NIA (Nazarbayev International Airport), NNA (Nursultan Nazarbayev Airport) немесе NAN. Қазір біз IATA-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бірақ бұл мәселе бір күнде шешіле қоймасы анық. Өйткені жаңа код беру оңай шаруа емес. Біріншіден код бәріне бірдей жете бермейді (түрлі мемлекеттерден өтініштер өте көп), екіншіден кодтың ауысуына байланысты бүкіл брондау жүйесіне және анықтама бюросына өзгеріс енгізу керек. Оның үстіне IATA кодты бір рет береді және негізсіз өзгертпейді » деп атап өтті комитет төрағасы. Талғат Ластаевтың айтуынша осы күнге дейін IATA-ға код ауыстыру жөнінде бразилиялықтар өтініш түсірген. Бірақ, жаңарып кеткен ештеңе жоқ, Рио де Жанейро әуежайының коды әлі күнге дейін- GIG. Сол скілді өзге әуежайлардың да коды өзгере қоймаған. Мысалы, Санкт-Петербур әуежайы - LED (Ленинград), Бішкек - FRU (Фрунзе), Мумбай - BOM (Бомбей). Дей тұрғанмен Қазақстан 4 әуежайдың кодын өзгерту бойынша келіссөзді жалғастыра бермек. Олар: Гурьев GUW атауымен жүрген Атырау, Джамбул DMB -Тараз, Шевченко SCO-Ақтау. «IATA-мен келіссөздер жалғасуда. Егер 4 әуежйдың кодын түгел өзгерте алмасақ та, Астана әуежайының кодын ауыстырамыз деген үміттеміз», - дейді Т. Ластаев. IATA коды - Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы белгілейтін үш әріпті ерекше идентификатор. Бұл код штаб-пәтері Монреалде орналасқан IATA-ның арнайы резолюциясына сәйкес бөлінеді. IATA әуежайлар кодын авиакомпаниялар, авиабилет сататын, компьютерлік жүйе арқылы билет брондайтын агенттіктер, өзге де мүдделі ұйымдар әуе арқылы жолаушылар тасымалдау кезінде коммерциялық қызметті ұйымдастыру үшін ақпарат алмасу түрінде пайдаланады. IATA-ның қолданыстағы кодтар тізімі жылына екі рет басылып шығады және IATA реси сайтында жарияланады.


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер