ЭКСПО-2017 аумағында Кремний алқабы ашылды
23.06.2017, 00:10

ЭКСПО-2017 аумағында Кремний алқабы ашылды

Ақпарат және коммуни­кациялар министрі Дәурен Абаев кеше ЭКСПО-2017 аумағында «Кремний алқабы» бұрышын ашты. Бұл жоба ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстанда Кремний алқабының өкілдігін ашу туралы келісім аясын­да Cisco, SAP, Oracle, Mastercard ком­панияларымен ынтымақтастықта жүзеге асып отыр, деп жазады egemen.kz порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz.

«Зерде» холдингімен бірігіп жасаған жұмыстар үшін серіктестерімізге алғыс білдіремін. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың АҚШ-қа сапарынан кейін, Қазақстанда Кремний алқа­бы бұрышын дайындау туралы тікелей тапсыр­ма алдық. Ел экономикасын цифрландыру мәсе­лесі біз үшін өте маңызды. Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлы Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау тура­лы тапсырма бергендігін білесіздер. Осы тап­сыр­малар аясында бүгін Кремний алқабы бұрышын таныстырдық», – деді Д. Абаев.  «Зерде» холдингінің басқарма төрайымы Әсел Жиенбаеваның айтуынша, бұл – үздік технологияларды зерттеу және Қазақстан­ның цифрлы экономика мен технологиялық жаң­­ғыртуға бет алысын көрсету алаңы. Қазақ­­стандағы Кремний алқабы бұрышы­ның негізгі мін­­деті экономиканы цифрлан­дыру бойынша «Зерде» серіктестерінің жаңа шешімдерін және шет мемлекеттерде, эконо­мика­ның түрлі салаларын­да қолданыла­тын тәжіри­белерді таныстыру бола­ды. Тағы бір айта кетерлігі, ЭКСПО көрмесі­нен кейін де Кремний алқабы бұрышы өз жұмы­сын жалғас­тырады және оның алаңында әлем­дік ауқым­дағы түрлі стартаптар таныстырыла­ды. Айта кетейік, 2017 жылдың сәуірінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Прези­денті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойын­ша АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарын­дағы компания өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақ­стан экономикасының үшінші жаңғыр­тылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкін­діктерін талқылады және Кремний алқабын­да Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды.


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер