"Елордамызда күні кеше Астана экономикалық форумы, Дүние жүзі қазақтарының V құрылтайы, Еуразиялық медиа-форум өтті, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, басқа да халықаралық шаралар ұйымдастырылған Астана шын мәнінде халықаралық және жаһандық мәселелер талқыланатын орталыққа айналды. Жақсы хабарды барша қазақстандықтың қуана қабылдайтыны анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі Астанадағы халықаралық әуежайға берілді. Елбасы – Тұңғыш Президентіміздің елімізді құрудағы еңбегі осылайша атап өтілді. Елбасының мемлекет құрудағы ерен еңбегін, ядролық қаруды таратпау және бүкіл әлемде бейбітшілік саясатын ілгерілету жөніндегі саясатын халықаралық қоғамдастық жақсы біледі. Сондықтан елорданың басты әуе қақпасының елімізді, мемлекетімізді құрған Тұңғыш Президенттің атымен аталуы Елбасының зор еңбегін, қажыр-қайратын, күш-жігерін елеп-ескерудің бір көрінісі деп білемін. Халқымыз қашанда ел бастаған ел басшысының, қол бастаған қолбасшының есімін қастерлейді, құрмет тұтады. Сондықтан, халықаралық әуежайға Елбасы есімінің берілуімен қазақстандықтарды құттықтаймын!" деген депутат.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі
Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.