"Шындығы сол, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі «жарқын болашақтың символы» болып табылады. Біз, Қазақстан халқы Елбасымыздың көшбасшылығымен Кеңес Одағының үйіндісінің орнында жаңа, заманауи мемлекет тұрғыздық. Оның ажарлы астанасын салдық. Біз сонымен бір уақытта, болмыс-менталитетімізді, психологиямызды да түбегейлі өзгер- тіп, өз елімізде өзімізді қожайындарша ұстауға, бар шаруаны иесіндей ұқсатуға үйрендік. Елбасы бізді Мәңгілік Ел болу, «дамыған елдер қатарына қосылу» секілді ұлы мақсат-мұраттар жолында жұмылдырды. Демек, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі мен еңбегі қандай қошеметке де лайық. Айтқандай, әуежайға Елбасы атының берілуінің бір нышандық мәні бар: бұл «әуе қақпасынан» ұшақтар биіктерге самғай көтеріледі. Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақыты ішінде Елбасы Қазақстанды әрдайым жоғары деңгейге көтеріп келеді. Ал бізден – Қазақстан халқынан заңғар биіктен қорықпай, жаңа жағдайларға бой үйрету талап етіледі. Себебі, асқар шыңдардан жаңа көкжиектер ашылады", - дейді қайраткер.
Айта кетейік, Астана халықаралық әуежайының атауы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып өзгертілді. Қазақстан Үкіметінің бұл туралы тиісті Қаулысы ширек уақыт бұрын БАҚ-та ресми жарияланған болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі
Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.