"Маусым айы Қазақ елі үшін түрлі оқиғаларға толы болды. Бірінші кезекте Қазақстан мен Орталық Азияда тұңғыш рет ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуін атап көрсеткен жөн. Көрменің ашылу салтанаты аса жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрдік. Қазіргі кезде түрлі елдердің павильондары ашылып, болашақтың энергиясы планетамыздың келешегін айқындайтын негіздегі жаңалықтарымен ерекшеленеді. ЭКСПО қарсаңында халықаралық әуежай жаңғыртудан өтті. Астана әуежайы елорданың әуе қақпасы ғана емес, ол – Ұлы Жібек жолына енгізілген ортақ жоба, көлік-логистикалық хаб. Астана әуежайының Елбасы атымен аталуы Президентке деген құрмет және Астана мен Қазақстан атауларын имидждік тұрғыдан нығайта түсудің жаңа ресурстары да болып табылады. Ал әлемдік тәжірибеде мұндай мысалдар аз емес. Қорыта айтқанда, Назарбаев – ұлттық мақтанышымыз. Астана халықаралық әуежайының атауы берілуі жоғарыдағы сөздерімізді тек қуаттай түседі", - деп жазған ғалым.
Айта кетейік, Астана халықаралық әуежайының атауы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып өзгертілді. Қазақстан Үкіметінің бұл туралы тиісті Қаулысы ширек уақыт бұрын БАҚ-та ресми жарияланған болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі
Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.