ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің әуе көлігі бойынша үйлестірілген көлік саясаты жол картасының жобасы мақұлданды
26.06.2017, 19:41

ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің әуе көлігі бойынша үйлестірілген көлік саясаты жол картасының жобасы мақұлданды

Бүгін Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ИДМ біспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып silteme.kz.

Онда  Еуразия үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің премьер-министрлерімен қабылдануы жоспарланған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018 – 2020 жылдарға арналған әуе көлігі бойынша үйлестірілген көлік саясатының Негізгі бағыттары мен  жүзеге асыру кезеңдерін қолға алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының («жол картасының») жобасы мақұлданды. Қазіргі таңда 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасының» бірінші кезеңі (35 іс-шаралар) қабылдануда.

Бұдан бөлек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер пайдаланатын және орындайтын міндетті өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптарды, сонымен қатар осы құралдарды таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейтін ЕАЭО-ның «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламент мақұлданды және ауыз судың таңбалануына және қапталуына қойылатын талаптарды белгілейтін ЕАЭО-ның «Қаптамаға құйылған ауыз судың, соның ішінде табиғи минералды судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент мақұлданды.

*********

В Москве состоялось очередное заседание Совета Евразийской экономической комиссии.
В ходе которго одобрен проект плана мероприятий («дорожной карты») по реализации Основных направлений и этапов реализации скоординированной (согласованной) транспортной политики государств – членов Евразийского экономического союза в части воздушного транспорта на 2018 – 2020 годы, планируемая к принятию премьер-министрами государств-членов ЕАЭС на очередном заседании Евразийского межправительственного совета. В настоящее время принимается первый этап «Дорожной карты» на 2018-2020 (35 мероприятий).
Кроме того одобрен технический регламент ЕАЭС «О требованиях к средствам обеспечения пожарной безопасности и пожаротушения», который устанавливает обязательные для применения и исполнения государств-членов ЕАЭС требования к средствам обеспечения пожарной безопасности и пожаротушения, а также требования к маркировке этих средств и одобрен технический регламент ЕАЭС «О безопасности упакованной питьевой воды, включая природную минеральную воду», устанавливающий требования к маркировке и упаковке питьевой воды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер