Декларацияға қосылу және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіру Қазақстанның халықаралық инвестицияларға әділ және айқын ортаны қамтамасыз ету ұмтылысын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік, экономикалық ілгерілеуге жағымды үлес ынталандыратын инвестицияларды көтермелеуге дайындығын растайды.
Декларацияға қосылып Қазақстан халықаралық инвестициялар мәселелерінде ынтымақтастық бойынша үкіметтік форумды жүргізетін ЭЫДҰ Инвестиция комитетінің жұмысында қатысатын болады және ЭЫДҰ елдерімен саясатты белсенді талқылауды жүргізеді.
Қазақстанда тұрмысты жақсартуға бағытталған тиімді саясатты дайындау және іске асыру бойынша ЭЫДҰ және Қазақстан бірлесіп жұмысты жалғастыратын болады.
Бұл Қазақстанның ЭЫДҰ-мен тығыз ынтымақтастықта Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша бүкіл Үкіметінің 5 жылдық жүргізілген жұмыстың нәтижесі.
Осы кезең бойынша ЭЫДҰ сарапшылармен бірге Қазақстан инвестициялық саясатының екі шолу жүргізілді, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
Осылайша, ЭЫДҰ ұсыныстарының арқасында а.ж. 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда визасыз режимдегі азаматтардың елдерінің тізіме кеңейтілді, бұл тізімге ЭЫДҰ бүкіл елдері кіреді. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту тараптары жетілдірілді, Жоғарғы сот жанында инвестициялық даулар бойынша Мамандандырылған сот алқасы құрылды.
Декларацияға қосылу және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіру Қазақстанның инвестициялық ахуалы осы ұйымның талаптарына және стандарттарына сәйкес екендігінің көрсеткіші болып табылады.
ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінде мүшелігі Қазақстанға ЭЫДҰ елдерінің озық стандарттарын дәйектілікпен үйренуге, ірі инвесторлар мен трансұлттық компанияларды тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ елдің рейтингіне және инвестициялық мүмкіндіктеріне оң әсер етеді.
Сонымен қатар, іскерлік ортаның бәсекелестік және инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейінің жоғары көрсеткіші болып табылады.