Инвестициялар көлемі 6 айда 25,8 %-ға өсті
18.11.2016, 18:15

Инвестициялар көлемі 6 айда 25,8 %-ға өсті

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 25,8%-ға өсіп, 9,3 млрд. долларды құрады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлімдеді.


Министрдің айтуынша, бұл инвестициялардың 60%-ға жуығы кен өндіру өнеркәсібі, 15%-ы - өңдеу өнеркәсібі, 9%-ы - сауда және 5%-ы - құрылыс салаларына тиесілі (12% - басқа салалар).

Өңдеу өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялар өткен жылғы деңгейде тартылды. Бұл салаға салынған инвестициялардың 88%-ын құрайтын металлургия өнеркәсібі 26,5%-ға өсті. Бұдан басқа өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары - химия өнеркәсібінде 8,4 есе және фармацевтика өнеркәсібінде 4,2 есе өсім байқалды.

«2010 жылға дейін тікелей шетелдік инвестициялардың басым бөлігі, яғни үштен екісі (2/3) кен өндіру өнеркәсібіне тартылып келген болса, Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру мерзімінде өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар үлесі 1,5 есеге өскенін атап айтқан жөн (9%-дан 15%-ға дейін)» - деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі. Яғни, елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі Қазақстан экономикасының даму қарқынына айтарлықтай үлес қосып отыр. Бұл үрдіске еліміздегі инвестициялық ахуалдың оң болуы да себепкер. Өйткені бізде инвестициялық климатты тұрақты әрі қолайлы сақтап тұруға мемлекет тарапынан өте үлкен көңіл бөлініп келеді

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер