Таңғы шық елінің ең әсем ғимараты бұл. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрмет ерекше. Мемлекеттік сапар кезінде мейманға ең жоғары деңгейде құрмет көрсетіледі. Бұл сапарлардың төресі. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Сеулге екі мәрте мемлекеттік сапар шеккен. Бір рет ресми және тағы бір мәрте жұмыс сапарымен келген болатын. Демек, бұл – Корея астанасына бесінші рет келуі. Бұл кездесудің жөні бөлек. Тараптар жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі. Теxнологиясы озық, экономикасы өркендеген Кореяның Қазақстанға деген ілтипаты ерек. Қазба байлықтары, көлік-транзиттік әлеует пен елдегі тұрақты саяси жүйе қызығушылықты тек еселей түспек. Астана да Шығыс Азияда көшбасшы саналатын, сауда-инвестициялық қауқары күшті Сеулмен байланысты бекемдеуге әзір. Сөзіме дәлел: қос ел басшысы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін бірлескен декларацияға қол қойды. Келіссөздер барысында тараптар ядролық қауіпсіздік тақырыбын қаузады. Солтүстіктегі көршісіне алаңдаулы Сеул Қазақстанның ядролық қарусыздануға қосқан үлесін атап өтті. Астана бұл істі келер жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шеңберінде ширататынына сенімді. Келіссөздердің тағы бір парасы сауда-саттық пен инвестицияны қамтыды. Алайда, географиялық тұрғыда бір-бірінен алшақ жатқан елдердің еркін жүк тасымалдауға мүмкіншілігі шектеулі. Тиісті маршруттар жоқтың қасы. Сондықтан келешекте «Нұрлы жол» мен «Еуразиялық бастама» бағдарламаларын үйлестіру көзделуде. Бұл қадам қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтереді.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: - Біздің министрлік 2 меморандумға қол қойы. Бірінші – ол ортақ жобалар, келешекте іске қосылатын, қазір жұмыс жасалып жатыр. Олар да әртүрлі салаларда. Жалпы көлемі 1 млрд доллардан асады. Екінші меморандум – көлік саласындағы меморандум. Арада көлік-логистикалық ынтымақтастық артады деген сөз. Оның үстіне, Оңтүстік Корея Қазақстанның Лянюнган портындағы терминалы арқылы жүк тасымалдап, Еуропа мен ЕАЭО нарықтарына шығуға құлшыныс танытып отыр. Бұл мәселе Таңғы шық елінің жетекші бизнесмендерімен кездесу кезінде кеңінен талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Мы завершили строительство своего терминала в порту Ляньюнган на Тихом океане. Через него сегодня проходят контейнеры, которые раньше ходили по морю за 45 суток до Европы. Сейчас за 2 недели от Ляньюнгана контейнеры попадают в Европу. Уже около 1 млн контейнеров мы перевезли. Это хорошая, новая дорога для наших контактов. Все эти дороги могут быть использованы. Былтыр тауар айналымы 1,3 млрд доллардан асқан. Көбіне бұл елге шикізат тасымалдап, электроника мен көлік бұйымдарын сатып аламыз. Алдағы уақытта әріптестіктің аясын кеңейту көзделуде. Бізге келген инвесторларға біраз жеңілдіктер жасалып, олар мемлекеттік қолдауға ие болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Мы предлагаем корейским компаниям площадку для реализации проектов в специальных экономических и индустриальных зонах нашей страны. Кроме того, данные зоны в управление корейским компаниям. Сегодня мы с Президентом говорили о том, чтобы создать зону свободной торговли с ЕАЭС. Казахстан в этом году председатель. Мы приветствуем желание Кореи войти в это свободное пространство. Это было бы очень хорошо для всех. И мы будем продвигать эту вашу идею. Азулы кәсіпкерлермен сұxбат бір сағатқа созылды. Олардың дені бұрыннан таныс. Көп жылдан бері біздің елде жұмыс істеп жүргендер. Осы күнге дейін корей инвесторларының Қазақстан экономикасына құйған қаржысы 10 млрд долларға жуықтады. Қазір елімізде 500-ге тарта бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Енді Индустриялық бағдарлама мен «Нұрлы жол» аясында заманауи өндірістер ашып, өңдеу саласын өркендетуге ден қойдық.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Сейчас как раз речь идет о том, чтобы перерабатывать то, что у нас есть. У нас есть нефть, газ, из них надо извлекать нефтехимическую продукцию и создаем большие комплексы. У нас есть железная руда, надо создавать железный металл, изделия из металла. У нас есть алюминиевая руда, из неё надо создавать изделия из алюминия. Казахстан - большая аграрная страна и все, что мы производим, требует переработки и продажи на пространстве ЕАЭС, дальше в южную сторону. Бүгінде корей нарығының мүмкіндіктері орасан зор. Ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар, ақылды қала салу, инфрақұрылым мен құрылыс саласын жетік меңгерген. Бұл бағыттар бойынша корейліктердің шетелдерде 740 млрд долларды құрайтын 11 мың келісімі бар. Қомақты жетістік. Демек, бізге де осы салаларда тәжірибе игеру керек. Бұл орайда Оңтүстік Корея бизнесі экономикалық-инвестициялық байланысқа тың серпін беруге қарсы емес.
Шин Санг Хо, Корея өнеркәсібі федерациясының төрағасы, Kolon Group төрағасы: - Бүгін біз Президентпен Қазақстанға инвестиция құю мәселесін кеңінен талқыладық. Біз бұған дейін де біраз салаға қаржы салдық. Бұл жобалар арқылы қазақ елімен етене таныстық. Сөйтіп, инвестициялар көлемі де артып барады. Енді шағын және орта бизнесті дамытуға күш саламыз.
Корея келер жылы Астанада өтетін ЕХРО көрмесінде белсенділік танытпақ. Шара барысында «жасыл» экономикада қол жеткізген ең соңғы жетістіктерін паш етпек. Алдағы уақытта мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты арттыру жоспарда бар. Корейлік тарап еліміздің батыс өңірінде газ конденсатын қайта өңдейтін бірлескен кәсіпорын ашуға құлшыныс танытып отыр. Бұдан бөлек, медициналық туризмді дамыту жайы қозғалды. Болашақта Қазақстанда корей үлгісіндегі медициналық орталықтар бой көтеруі мүмкін.