Показать содержимое по тегу: мәселе
Еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі және болашақтағы ең өзекті мәселелердің бірі, халықты күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары мен толық қамтамасыз ету міндеті тұр. Өкініше орай әлі де еліміз шетелдің өсімдік өндірісіне (импортқа) тәуелді және сырттан тауар тасуға мәжбүрміз. Осы қордаланған мәселелерді шешу үшін өңірдегі аса маңызды өсімдік және егіншілік шаруашылығын қарқынды дамыту қажет.
Кейінгі 31 жылда Шымкент қаласында 19 рет әкім тағайындалыпты. Елдегі үш ірі мегаполистің бірі саналатын қалаға неге басшы тұрақтамайды? Әлде бұл қалыпты жайт па? «Шымкенттің жұмсақ күші» дейтін аты да, заты да ерекше кітаптың авторы, мәдениеттанушы-философ, политтехнолог Абылайхан Қалназаровпен осы мәселе жөнінде сұхбаттасқан едік.
Оқушылардың, жастардың кітапқұмарлығы бағытында бірнеше үлгілі мектептерде үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев мәлім етті. Бұл шаралар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру.
«Жол оқиғаларынан болатын өлім деңгейі жоғары. Еуропа елдеріне қарағанда, Қазақстанда ЖКО-дан қайтыс болу ықтималдығы 11 есе жоғары … Мұндай шығын ірі қарулы қақтығыстар мен тіпті соғыстан келетін шығынмен пара-пар».
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ІІМ-нің басқарушы құрамымен болған кеңесте сөйлеген сөзінен, 17.04.2019 ж.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.