Дүние жүзіндегі климаттың тез жылып өзгеруіне және өңірдегі ауа райы жағдайының өте өте құбылмалылығы мен топырақ түрлерінің әр түрлі болуы, ауыл шаруашылығы дақылдарының әр алуан түрін өсіруге мүмкіндік береді және бұл өз кезегінде нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы тауар өндірісінде экологиялық және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығы өндірісі нарықтық қатынастарға көшу нәтижесінде аграрлық саланың тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Кез келген егіншілік саласының басты негізгі буыны ауыспалы егіс болып табылады. Соңғы жылдары өңделген егістік жерлердің құрылымында ғылыми
негізделген ауыспалы егіс жүйесін тиімді пайдаланудың талдауы көрсеткендей, өңірдің әр түрлі топырақ-климаттық аймақтарында өсетін әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын ауыспалы егіс саласында әртараптандыруды қолдану арқылы оны одан әрі жақсарту мүмкіндігінің қажет екені байқалады.
Ауыспалы егістегі ауыл шаруашылығы дақылдарының дұрыс орналасуын пайдаланғанда ғана өңделген жерлердерді жақсартуға бағытталған барлық агротехникалық шаралардың тиімділігі артады, дақылдардың биологиялық қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылады, технологияны біркелкі ыңғайлы қолдануға қол жеткізіледі және өндіріс шығындары азаяды.
Сондықтан ауыспалы егіс жүйесі табиғи климаттық ресурстар мен ауылшаруашылық өсімдіктердің әлеуеттік мүмкіндігіне қарай дақылдардың биологиялық топтарын ұтымды пайдалану жолына бағытталуы керек, бұл әсіресе өңірдің әртүрлі аймақтарында өте маңызды болып табылады. Одан қалды ауыл шаруашылығы дақылдары арасынан рентабелді дақылдарды өсіру және қазіргі заманғы ресурс-қор үнемдеу технологияларын қолдану және өнімді ауыспалы егістерге көшу маңызды шара болып табылады (сурет -1).
Сурет -1 Өнімді ауыспалы егісте рентабелді дақылдарды өсіру
Егістік құрылымында ағымдағы жағдайда жүргізілген талдау нәтижесі мен өңірдегі топырақ-климаттық аймақтардағы деректер осыны көрсетті және оны одан әрі қарай жетілдірудің мол мүмкіндіктері бар екені анықталды.
А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығында орналасқан ауыспалы егіс зертханасының көпжылдық стационарлық учаскесіндегі ұзақ мерзімде жүргізілген ғылыми жұмыстарынан алынған деректері бойынша ауыспалы егіс танаптарында әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарын биологиялық ерекшеліктеріне қарай тиімді орналастыру арқылы және маржианальды дақылдардың бірнеше түрлерін өсіру шаруа қожалықтарына орасан зор пайда әкелетіндігі анықталды.
Ұсынылатын дақылдар мен ауыспалы егіс кестелері Ақмола және басқа да солтүстік облыстар жағдайында ауыспалы егістерді игеру кезінде мынадай негізгі ұсынымдарды сақтау қажет етеді:
- ауыспалы егістегі дақылдардың кезектесуі негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары жаздық жұмсақ бидай үшін ең жақсы алғы дақылдарды таңдауды ескере отырып жүзеге асырылады;
- ауыспалы егістердің пайдалану әлеуеті агротехникалық іс-шаралардың сақталуы мен орындалу сапасына байланысты болады;
- егіс алқаптарының көлемдік құрылымын құру және қалыптастыру кезінде егістік танаптар ауыспалы егістерде бір биологиялық топтың дақылдарын алмастыруға жол беріледі. Мысалы, ауыспалы егіс кестесі бойынша асбұршақ дақылы орналасуы қажет болса, оны қалыптасқан жағдайларға байланысты әдетте қуаңшылықтың болуы) ноқат дақылымен ауыстыруға болады. Бұл жағдай бидай, арпа және т. б. болады. Ең бастысы дақылдарды өз орнына қайтып келу айналу (ротация) мезгілін сақтау қажет. Танаптарға кейбір дақылдарды келесі жылы өз орнына қайта себу болмайтын бірқатар дақылдар (бұршақ, жасымық, бұршақ, майлы зығыр, күнбағыс, көктемгі рапс) бар. Осы аталған дақылдар белгілі бір жылдардан кейін өз орнына қайтадан оралуы керек. Мысалы, майлы және бұршақ дақылдар үшін бұрынғы өз орнына оралу мезгілі 3-4 жыл, ал майлы зығыр және күнбағыс дақылдары өз орнына 4-5 оралып келуі керек. Жаздық бидай, арпа, жүгері сияқты дақылдарды өнімділігі айтарлықтай төмендемейді, сондықтан бір танапта қайта бірнеше жыл бойы өсіруге болады.
- бұдан басқа, дақылдардың кезектесуі және оларды бұрынғы орнына қайта оралу ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табиғи жағдайларымен, нарық конъюнктурасымен, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерімен, шаруашылықтардың қай салаға маманданырылуы мен айқындалады.
- әр түрлі пар танабы түрлерін, көпжылдық шөптерді, бұршақ және біржылдық мал азықтық дақылдарын жасыл балаусаға немесе сүрлемге қолданылатын және ерте жиналатын дақылдардан кейін орналастыру ұсынылмайды.
- жаздық бидай көбінесе күздің алғашқы ерте болатын аязына дейін пісіп үлгермейтін таулы-қыратты аудандарда орташа ерте және ерте пісетін дәнді дақылдар сорттарының үлесін арттыру қажет немесе жаздық жұмсақ бидай дақылының үлесін азайту арқылы арпа дақылының көлемі мен кеңейтуге болады.
- қысқа айналмалы дәнді дақылдардың ауыспалы егістерін ұзақ уақыт пайдаланғанда және оларды өнімді ауыспалы егістермен салыстырғанда топырақтың құнарлылығы біршама төмендейтіні байқалады және егістік жерлерді пайдалану тиімділігін төмендететінін әр уақытта есте сақтаған жөн;
- қара топырақты және қара қоңыр топырақтарының рельефі бойынша жазық немесе сәл ғана толқынды танаптар ауыспалы егістің кез келген түріне (астық, астық парлы, майлы, өнімді, отамалы дақылдарды егу және т.б.) пайдаланып жаратуға болады.
- су эрозиясының пайда болу қаупіне байланысты көлбеу бірлігі 0,5о-тан асатын танаптарды таза сүрі жерге қалдыру ұсынылмайды, себебі топырақтың беткі қабаты еріген көктемгі ағынды су мен шайылып қарашірік мөлшері біршама азаяды. (сурет-2)
Сурет-2 Астықты-парлы ауыспалы егісіндегі су эрозиясна ұшыраған таза сүрі жер танабы
Мысалы, қазіргі АШҒӨО-ғы (А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы) ауыспалы егіс зертханасының көп жылдық стационарындағы жүргізілген далалық аймақтағы ұзақ мерзімді ғылыми зерттеулері келесі нәтижелерді көрсетті. Далалық ауыспалы егістердің танаптарында өндірістік-тәжірибе эксперименттерін жүргізгенге дейін (1962ж) топырақтың 0-20 см қабатындағы бастапқы алынған қарашіріндінің мөлшері 3,9% - ды құрады. Нәтижесінде, Ақмола облысының оңтүстік карбонатты қара топырақтарындағы өңделген жерлерді ұзақ уақыт бойы 4-6 танапты астықты-парлы (сүрлі) ауыспалы егістерін пайдаланғанда, топырақтың 0-20 см қабатындағы жалпы қарашіріндінің мөлшері 12,7% - ға дейін азайды, ал 2-танапты астықты-парлы (сүрлі) ауыспалы егісте жалпы қарашірінді мөлшері біршама төмендеп 25,5% - ды құрады, ал бір орында ұзақ үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабында бастапқы көрсеткішінен 33,55% - ға азайғанын көрсетті.
Мұның басты себебі, ең алдымен, таза сүрі жер танабын жиі 4-5 рет механикалық өңдеу мен механикалық құралдарды қолданудың әсерінен эрозияның пайда болуына жағдай жасайды және органикалық заттардың біртіндеп азайып жоғалуына әкелді. Бұл қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының басты проблемасы және топырақтың құнарлылығының біртіндеп азаюына алып келуде.
Сондықтан, ауылшаруашылық өндірісі жағдайында тауар өндірушілер (фермерлер) осы аталған және басқа көрсеткіштердің барлығын ескеріп, жоғары өнім алу үшін топырақтағы қарашірінді мөлшерін сақтап қалуға күш салу керек және ауыспалы егіс айналымы кезінде үнемі топырақтың беткі қабаты өсімдік жамылғысының астында жабық болуы қажет. Одан қалды өңірдегі диқаншы қауым өкілдері өздерінің егістік көлемінің құрылымында маржиналды (өте жоғары табыс әкелетін өсімдіктер) дақылдарды өсіруге аса көңіл бөлуді қажет етеді және осы дақылдармен қатар басқа дақылдардың егіншілік мәдениетін жоғары көтеру және барынша экологиялық қауіпсіз мол сапалы өнім алу, өнімнің өзіндік құнын біршама төмендету өңірде басты өзекті мәселе болып табылады.
Ғылыми мақаланың авторы
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы
ғылыми-зерттеу орталығындағы
егіншілік бөлімінің меңгерушісі
Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы
14 сәуір 2025 жыл

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.