Показать содержимое по тегу: мәселе
Кейінгі 31 жылда Шымкент қаласында 19 рет әкім тағайындалыпты. Елдегі үш ірі мегаполистің бірі саналатын қалаға неге басшы тұрақтамайды? Әлде бұл қалыпты жайт па? «Шымкенттің жұмсақ күші» дейтін аты да, заты да ерекше кітаптың авторы, мәдениеттанушы-философ, политтехнолог Абылайхан Қалназаровпен осы мәселе жөнінде сұхбаттасқан едік.
Оқушылардың, жастардың кітапқұмарлығы бағытында бірнеше үлгілі мектептерде үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев мәлім етті. Бұл шаралар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру.
«Жол оқиғаларынан болатын өлім деңгейі жоғары. Еуропа елдеріне қарағанда, Қазақстанда ЖКО-дан қайтыс болу ықтималдығы 11 есе жоғары … Мұндай шығын ірі қарулы қақтығыстар мен тіпті соғыстан келетін шығынмен пара-пар».
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ІІМ-нің басқарушы құрамымен болған кеңесте сөйлеген сөзінен, 17.04.2019 ж.
Silteme.kz порталының «Іскер Talks» жобасы аясында бұл жолы назарларыңызға ҚР Мәдениет қайраткері, журналист Зейін Әліпбектің «Сақшы» газетіне берген ілкімді сұхбатын ұсынамыз.
Жол қауіпсіздігі – жолаушының амандығы
Көрген-білгені көп адаммен сырласып, сұхбат алу біздің негізгі мақсатымыз. Бүгінгі «Іскер Talks» қонағы – жол қауіпсіздігі саласында көптен бері еңбек етіп жүрген айтулы азамат – Арыстан Жоланұлы Масанов.